Сәбит Катаев «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Сергей Талиповтың жетекшілігімен «PSU Exams» мобильді қосымшасын жасап шығарды.

Бағдарлама студенттің емтихан бағасы мен емтиханға кіру рұқсаты негізінде қорытынды баллды есептеуге арналған. Бағдарлама PlayMarket жүйесінде қолжетімді, оның порталдағы бастарқы коды github.

Оқытушы қорытынды бағаны формуламен есептемей-ақ алады және оған пайыздар сәйкестігі кестесі қажет етілмейді. Бұл бағдарлама университетте екінші жыл қатарынан қолданылып келеді.

Бағдарламада «Кері есептеу» қарастырылған. Оны күтілетін қорытынды баға үшін емтиханда жиналуы тиіс минималды бағаны анықтауда қолдану қажет.