Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің командасы «Стартап мектебі» атты тренинг өткізді. Шараға IT саласына жаңадан аяқ басқан жас кәсіпкерлер қатысты.

Бизнес-иденя қалай құру керек? Стартап-жобаны қалай жүзеге асыру керек? Бұл және өзге де сұрақтарға Astana Hub сарапшысы Насрулла Ахменов толыққанды жауап берді. Сонымен қатар, жиналған жастарға халықаралық технопарктің ең табысты жобаларымен таныстырды. «Біздің бағдарламалар бойынша бір жылдың ішінде 300-ден астам стартап өтті. Студенттерге жұмыс істеп жатқан жобалармен емес, өз жобасын әзірлеген тиімді. Жаңа жұмыс орындарын құруға болады. Бұл алаңда жастарға білім берумен қатар, қателіктерге бой бермеуге үйретеміз. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаймыз. Осылайша, олар уақыт пен ресурстарын үнемдейді», - дейді бағдарламалар департаментінің менеджері Н. Ахменов.

Бүгінде Astana Hub командасы инновациялық экожүйелерге бағасын бермек. Оның қорытындысы бойынша сарапшылар әр аймақпен серіктестік жоспарын әзірлемек.