"Ертіс дарыны" жастар сыйлығының бірнеше аталымының жеңімпаздары қатарында Toraighyrov University түлектері мен студенттері болды. Салтанатты марапаттау шарасын Imanbek Remix ашты. Жиналған қауым алдында "Домино" тобының музыканттары мен Бейбіт Қорған өнер көрсетті.

10 аталым және жалпы жүлде қоры - 10 млн. теңге. Жылдың ашылуы "Мисс Қазақстан" титулының иегері Мадина Батық.

Бойжеткен алдағы уақытта еліміздің намысын халықаралық байқауда қорғайтын болады.

"Білім мен ғылым" аталымында Аяна Есім үздік деп танылды. Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Лаура Сарсембина мен университет түлегі Аяжан Құрманованың еңбегі еленді.

Сонымен қатар, университет түлегі Вероника Вишневская "Журналистика" аталымы бойынша лауреат атанды.

"Осындай премиялардың арқасында қайырымды жандарды көріп, ерлікке барғың келеді. Бұл - біздің алға жетелейтін адамдар. Бес жыл бұрын Елордада "Ақкөңілділер"клубы" ашылды және бүгінгі бұл ұйым еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатыр. Еріктілер - қайырымды жандар. Павлодарға келіп, маған шабыт беретін адамдарды көрдім, - дейді Гүлмира Абдрашева.