Аграрлы-технологиялық факультеттің базасында ветеринария бойынша жаңа оқу зертханасы ашылды. Ашылу шарасына сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Құрметті меймандардың қатарында ҚР АШМ ветеринария комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық инспекциясының жетекшісі Рашид Нұрбеков болды.

Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасыныңмеңгерушісі, а-ш.ғ.к. профессор Надежда Бурумбаева ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын тиімді дамытуға кедергі келтіретін факторлардың қатарында мал дәрігерлерінің аздығын атап өтті.

«Зертхана орталығын гематологиялық анализатор деп атауға болады. Бұл жерде қанды 17 көрсеткіш бойынша зерттеуге болады. Сонымен қатар, қанның сарысуны жан-жақты зерттеуге болады. Кез келген аурудың клиникалық белгілері болады, алайда, зертханалық зерттеу ғана нақты диагнозды анықтай алады», – дейді Н. Бурумбаева.

Жаңа зертхана оқу үрдісі барысында қолданылады. Студенттерге зертханалық және тәжірибелік сынақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, бүгінгі таңда кафедра оқытушылары "Ветеринария" жаңа білім беру бағдарламасы бойынша лиценция рәсімдеп жатыр.

Оқыту 2020 жылы басталады деп күтілуде.