Айдар Жадрин әзілкештер ойынын «Сәттілік!» сөзімен бастады. Қалжың жарысына 6 команда мен 3 стендапер қатысты.

Қазылар ақласы құрамындағы жеңімпазды анықтау үшін біраз тер төкті.

Ал ойыншылар көрермендерді таң қалдыруға тырысып бақты. Махмұт - лаңкес, Әлихан - феминист, Нұрболат - плагиатшы. Түсінген адам түсінді делік. Ал Серега баршаның көңілінен шықты. Оның әлеуметтік желідегі аккаунтын білсеңіз, жазылыңыз. Осындай таланттарды ел білу керек.

Осы жолы Кубокты «Ого» командасы жеңіп алды, ал Орал Мерей үздік стендапер атанды. Машина жасау факультеті оның әзілдерін естіді ме екен?