«Менің Туым! Менің Отаным!» республикалық акциясына Toraighyrov University қосылды.

Студенттік кампустың жүрегіне еліміздің мемлекеттік байрағы орнатылды. Жауапты міндет университеттің студенттік декандарына жүктелді.

Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко акция еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жатыр. Туымыз оқу орындарында ғана емес, ірі сауды орындары мен өзге қоғамдық орындарда орнатылуда.

«Димаш Құдайбергеновты Қазақстан байрағымен көргенде, бойымды мақтаныш сезімі кернейді. Көк Туымызды спортшыларымыз, музыканттарымыз бен жұлдыздарымыз желбіреткенге не жетсін! Барша жастарға еліміздің байрағын әлемдік аренада желбірете берсін дегім келеді», - дейді И. Теренченко.