Toraighyrov University ғалымдары Омбыда өтіп жатқан Қазақстан және Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Келелі жиынның тізіміндегі маңызды тақырыптардың бірі - еуразиялық инновациялық ортаны дамыту.

Қос көрші елдің президенттерінің ленарлық отырысының алдында өзара ынтымақтастық туралы бірнеше келісімшарттарға қол қойылды.

Нақтырақ айтқанда, біздің университет «Газпром нефть» АҚ және Омбы мемлекеттік техникалық университетпен ортақ ғылыми-зерттеу мен стажировкаларды ұйымдастыру бойынша жасалған келісімшарт.

Ғалымдар Омбы облысының мемелкеттік мұрағатында тарихи материалдармен танысты.

Еске салсақ, мұрағаттардың бірінде Қалмақ қырған жерінің көне картасы табылды. Оның көмегімен бұған дейін белгісіз болған сұрақтардың жауабы табылды.

Ертең Toraighyrov University және П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университет арасында келісімге қол қойылады.