Қазақстан Республикасының халық әртісі, әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жания Әубәкірованың қатысумен өткен шығармашылық кешке әнсүйер қауым көп жиналды.

Пианиношы кешті "Вариации на темы..." кітабының тұсаукесерінен бастап, кітаптың көзі қарақты оқырманның барлығына арналғанын айтты. Бұл шығарма мемуар емес, өмірдің жарқын сәттерін еске алып, музыка мен мамандық туралы әңгіме өрбітуге мүмкіндік беретін туынды болмақ.

Музыкани университеттің хорына кәсіби кеңес те берді. Ол репертуарға Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін қосуға кеңес берді.

Сәулет және дизайн кафедрасының профессоры, пед.ғ.к. ҚР суретшілер Одағының мүшесі Сәуле Әбішева университет қонағына ерекше сыйлық - көркемсурет-образды портретті тарту етті.

"Портретте музыкант экспрессивті-романтикалық стильде бейнеленген. Шығарма Жания Әубәкірованың Сергей Рахманиновтың оркестрімен берген концертінен кейін пайда болды", - дейді автор.