31 қазанда Б.С. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бастығының орынбасары ПМУ студенттерімен кезедсті.

Заңгер түлектер академияда білім алу мүмкіндігіне ие. шәкіртақы алып, тұрғын үй мен тамақтанумен қамтылады. Ал оқуды тәмамдағаннан соң тергеуші немесе криминиалист-сарапшы мамандығы бойынша жұмыс істей алады.

Ал 1-3 курс студенттері азаматтық жоғары оқу орнынан әскери оқу орнына ауысу процедурасынан өткен соң Академияда оқуларын аяқтай алады. Ол үшін медициналық комиссиядан өтіп, кредиттер айырмашылығын тапсыру керек.

Полиция полковнигі Юрий Колесников маман даярлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізілетінін айтты. Тергеуші немесе криминалист қызметі үшін даярлық қажет, ал ол даярлықты қарағандылық академия жүзеге асырады.