С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенттері түрлі тілдерде сөйлейді. Тілдер фестивалі - осының айқын дәлелі.

Қазақстан, Пәкістан, Нигерия елдерінің студенттері қазақ, ағылшын, француз және нигериялық тайпалардың бірі - йиоруб тілінде тілдесті.

Шет тілдер кафедрасы өткізген викторина студенттердің қызығушылығын тудырды. Жастар түрлі мемлекеттердің мәдениеті, тарихы туралы білімдерін паш етті. Жастар, әсіресе, Ұлыбритания және Франция туралы қызықты мағлұматтарымен танысты.

Ал бірнеше тілді меңгерген мамандар лингвистикалық дағдыларды қалыптастыру әдістерімен бөлісті.

«Университет көптілді болып келеді. Студенттер туған, ағылшын, неміс және өзге тілдерді меңгеріп, халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін тануда. Бұл коммуникациямен қатар, ғылымды байытуға оң септігін тигізуде», - дейді көптілділік білім беру орталығының директоры Жанарсын Қапенова.