ПМУ ғалымдары Нұр-Сұлтан қаласында «Машина жасау - Қазақстан индустрияландырудың драйвері» идеясын көздеген машина жасаушылардың VII форумына қатысты.

Форум безнес өкілдері, ғалымдар, мемлекет пен шетелдік инвесторлардың басын қосты.

Сарапшылар жас мамантарды тарту, олардың дайындық деңгейін арттыру мәселелерін қарастырып, саланың заман талабына сай дамуын стратегиялық бағыттарын қарастырды.

«ПМУ-де машина жасаушыларды даярлау шеңберінде дуалды білім беру жүйесі енгізілген. Жүйе негізінде сабақтардың 40% және одан да көп бөлігі өндірісте өтеді. Павлодар мұнай-химия зауыты, KSP Steel аймақтық кәсіпорындары 8 мамандықты қамтиды. Мәселен, «Мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібінде жабдықтарлы жөндеу және қызмет көрсету» білім бері бағдарламасы бойынша универсиеттегі сабақ үш күн, ал өндірісте екі күн өтеді. Сонымен қатар, «Болшакөл» тау-кен байыту кешенінің сұранысы бойынша үш факультетте DSC-инженер машина жасаушыларды даярланады», - дейді металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к. Қайратолла Әбішев.

Университетпен әріптестік кәсіпорындар үшін аса маңызды, себебі, болашақ маманның қалыптасу үрдісіне әсер етеді. Сонымен қатар, мамандарды даярлау және қайта даярлау шығындарын азайтуға сеп болады.

ЖОО машина жасау және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеп, кейін коммерцияландыруға бағытталған. Мәселен, мүгедектер орындығының электрлі моделі, «ТОР» электробайкы және қозғалтқыштарға арналған сутек генераторы жобалары әзірленді.