Биотехнология кафедрасының профессоры Ирина Аникина өсімдік шаруашылығын дамыту және классификация, фитосанитария, селекционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қазақтандық сарапшылар делегациясының құрамымен Нидерландыда болды.

Жұмыс сапары Қазақстан және Нидерланды елдері арасындағы өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша екіжақты серіктестік аясында ұйымдастырылды.

Қазақстандық мамандар Нидерландының тамақ өнімдерінің сапасы және табиғат, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесіп, селекционерлердің құқықтары, картопты сертификаттау заңнамалары, сонымен қатар, картоп тұқым шаруашылығы фитосанитариясы салаларын талқылады. Жұмыс сапары шеңберінде Нидерланды инспекциялық қызметімен бірлескен отырыс өтті. Қызметтің жұмысы тұқымды картоптың сапасын бақылау және дамыту бағытында жұмыс істейді.

Қонақтар Нидерландының агроөнеркәсіп кешені мен картопты қайта өңдеудің «Farm Frıt" компаниясының жұмысымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап голландиялық картоптың сұрыптарын Қазақстан нарығына тасымалдау бойынша ынтымақтастық көкжиегін дамыту бойынша нақты шараларды белгіледі.