С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде медиаковоркингтің салтанатты ашылуы өтті.

Шараға ПМУ ректорының м.а., э.ғ.д. Мейрам Бегентаев, «Қазақстан Журналистер одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының және Павлодарлық бас редакторлар клубының құрметті өкілдері, кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты.

Таныстыру экскурсиясы барысында қонақтарға жаңа медиаковоркингтің жұмысы туралы айтылды, оның құрамына оқу аудиториясы, жұмыс кабинеті, сондай-ақ медиа саласындағы жас мамандарды дайындауға арналған фото және бейне студия кіреді.

Пікірталас алаңында сарапшылар студенттермен бірлесіп журналистерді оқытудың алдағы траекториясын, БАҚ-та толыққанды практикадан өту мүмкіндігін, ең бастысы, университеттегі оқу барысында сапалы және өзекті контентті құруды талқылады.