Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні шеңберінде Павлодар мемлекеттік университеті химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары Алтай мемлекеттік университетімен (Барнауыл қ, Ресей) бірлесіп «Жасыл экономикадан жаңа типтегі экологиялық мәдениетке» жазғы мектебін өткізді.

Шара С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінің базасында өтті.

Жазғы мектептің басты мақсаты - география, турзим және экология, сонымен қатар, болашақ мамандардың жалпымәдени қасиеттерін, кәсіби білімдері мен дағдыларын дамыту.

Мектептің жұмысы барысында тренинг-семинарлар пен экскурсиялық маршруттар енді.

Негізгі дәріскерлердің қатарында г.ғ.к., АМУ аймақтық маркетинг, турзим және рекреациялық география кафедрасының меңгерушісі Александр Редькин, ПМУ жаратылыстану және химиялық технологиялар факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Қанат Ахметов, пед.ғ.к. география және туризм кафедрасының меңгерушісі Динара Есімова және б.ғ.к,. доцент, биология және экология кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Қалиева болды.

Сонымен қатар, ПМУ және АМУ сарапшылары Алтай өлкесі ормандарының мәселесі, эко-отель құрылысы мен концепциясы, «жасыл экономика», турзим және экологиялық мәдениет тақырыптарына қатысты мәселелерге арналған баяндамалар жасады.