С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде түркі халықтары жазбасының күніне орай мерекелік концерт өтті.

Шараны ұйымдастыруға Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасы мұрындық болды. Жиналғандар алдында басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Кокина сөз алды.

Салтанатты шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарламаларын ұсынып, көрермендерді түркі халықтарының мәдениетімен таныстырды.

Кездесу щеңберінде мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мен аймақтың мәдени-рухани өміріне сүбелі үлес қосқан бір топ азамат Алғыс хаттармен марапатталды. Мерейі үстем болғандардың қатарында «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбішев және ақын Шолпан Байғалина болды.

Концерт «Көк тудың желбірегені» әнімен тәмамдалды.