С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен педагогикалық мамандық оқытушылары «Білім берудегі медиация – дау-дамайсыз ортаны қалыптастырудың жолы» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

Дау-дамай туындаған жағдайларда мәселені шешудің альтернативті технологиялары туралы «Arsana» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы, педагогикалық еңбек ардагері, пед.ң.к. Рысты Жұмабекова пен ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, жоғары санатты мұғалім Хабиба Әбілева айтып берді.

Р. Жұмабекова өз сөзінде медиация жоғары мәдениет бар ортада ғана дамитынын тілге тиек етті. Ал адами қарым-қатынастың болмауы мен саналы тәрбиенің жетіспеуі білім беру жүйесінде мәселелердің туындауына сеп болуда.

«Балалар туралы бәрін білетін күйдеміз. Балалардың тұлға екені белгілі, сондықтан, оларды танып-білу мүмкін емес. Олар ұжымның ішінде болғанда, бұл ортаға мұғалімдер де, ата-аналар да араласпайды. Көптің пайымдауынша, әлем аса қатал. Дегенмен, осы әлемді өзіміз қалыптастырамыз», - дейді Рыстиы Мағауяқызы.

Кездесуге қатысқан қауым медиацияны өткізу процедуралары мен негізгі қағидаларымен танысты. Сонымен қатар, бұл үрдістің ҚР заңнамасындағы ролі мен өзге елдердегі тәжірибесі жөнінде ақпарат алмасты. Мамандар жоғары оқу орындарының академиялық бостандығы шеңберінде педагогикалық кадрларды медиация курсы бойынша даярлауды енгізу қажет деген пікірге келді.