Әскери кафедраның тарихы

Әскери кафедраның тарихы 60-ыншы жылдардан бастау алады. 1960 жылы Қазақ КСР-інде жоғары техникалық білімі бар білікті мамандар даярлау аясын кеңейту мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 20 қыркүйектегі №1009  Қаулысына және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 25 қазандағы №928 Қаулысына сәйкес Павлодар индустриалды институты құрылды. 

Осы бұйрықтардың негізінде Павлодар қаласында қайта құрылған индустриалды институт ұшқыштарға бастапқы білім беретін 24-інші әскери авиациялық училищеден қабылданып алынған мекемелер мен ғимараттарға орналастырылды. 

1962 жылы Павлодар индустриалды институты базасында КСРО Қорғаныс министрінің 1961 жылғы 20 қазандағы №253 бұйрығы негізінде, әскери мамандардың дайындығын қамтамасыз ету және мобильді резервті құру мақсатында әскери кафедра құрылды.

 

 

Басшылық 

Майор Чокин Нұржан Санжарұлы  - Әскери кафедрасы бастығының міндетін атқарушы 

Білімі:  

2003 жылы Б.Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектебін бітірді 

2008 жылы ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынының «Зенитті-зымыранды әскер бөлімшелеріне арналған радиотехника» мамандығы бойынша бітірді.

2009 жылы Минск қ., Беларусь Республикасы Әскери академиясының біліктілігін арттыру курсын бітірді  

 2016 жылы М.Тынышпаев атындағы  Қазақ коммуникация және көлік академиясының  магистратурасын бітірді

 «Ақпараттық жүйелер» техникасы ғылымдары мамандығы бойынша магистр 

Жұмыс телефоны: 8(7182) 33-43-36, 33-43-36

Электронды пошта: vk_pgu@mail.ru

Кабинет нөмірі, корпус: Павлодар қ., Административный городок 19.

 

Мамандықтар 

- «Киберқауіпсіздік» әскери-есеп мамандығы 

- «Әскери қатынастар мен әскери тасымалдауды теміржол, су және әуе көліктері арқылы ұйымдастыру» әскери есеп мамандығы

- «Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» әскери-есеп мамандығы   

- «Арнайы насихатты ұйымдастыру» әскери-есеп мамандығы

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әскери кафедрасы (бұдан әрі – әскери кафедра) запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша әскери даярлау Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін қамтамасыз ету мақсатында әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. 

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеусіз және өтеулі негізінде жүзеге асырылады.

Әскери кафедрада оқыту даярлықтың жеке түрі ретінде жоспарланады. Толық курс теориялық, практикалық оқытудан және оқу-жаттығу жиынынан тұрады.

Әскери кафедраға қабылдау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Әскери кафедраға қабылдау жоспарына сәйкес әскери кафедрасы жоқ басқа да ЖОО-дың студенттері түседі.

Әскери кафедраға қабылдау үшін конкурсқа сай күндізгі бөлімде оқитын 1 және 2 курс студенттері, Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау күні жасы 25 жастан үлкен емес рұқсат етіледі. Студент қыздар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын әскери-есептік мамандықтар бойынша конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Әскери кафедраға қабылдау кәсіби іріктеудің мынадай жүйелі кезеңдерінен тұрады:

1) медициналық куәландырудан өту;

2) кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;

3) дене тәрбиесі дайындығын тексеру.

Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір ретөтуге рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысу ниет білдірген студент өтініш жазады .

Студенттерді әскери кафедраға қабылдау ЖОО ректорның бұйрығымен қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде жүргізіледі.

Әскери даярлауға қабылданған студенттер оқу взводтары бойынша бөлінеді. Оқу взводтарының жеке құрамы мен олардың командирлері студенттер қатарынан әскери кафедра бастығының бұйрығымен тағайындалады. 

Әскери даярлықтан өткен және емтихандарды тапсырған студенттерге «запастағы лейтенант» әскери атағы және әскери билет беріледі.

 

 

Мекен жай: Павлодар қ., Административный городок 19.

телефон 8(7182) 33-43-36, 33-43-36, 

E-mail: vk_pgu@mail.ru 

 

ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайты