Темекі жарнамасы
Жарнама мамандарының пікірінше, 30-50 жылдан астам уақыт аралығында түсірген фильмдердегі темекінің жарнамалауынан күні бүгінге дейін шылым өндірісі пайдаға кенеліп жатқан көрінеді. ДДСҰ мамандары жаһандағы барлық мемлекеттерге темекінің заң жүзінде жарнамалауға қатаң тыйым салуға ұсыныс білдіруде. Халықаралық ұйым өкілдері жасаған зерттеулері балалар темекі тартуды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым никотиннен бас тарту қиынға түсетінін дәлелдеген. ДДСҰ мамандары дүние жүзі адамдарының небары 5 пайызы ғана шылымды әспеттейтін жарнамалық дүниелерден аулақ екендігін айтады. Ал қалған 95 пайыз бөлігі шылым өнімдерін үгіттейтін жарнамаларды күндіз-түні көреді екен. Егер, нақты шара қолданбай, осы сарынмен жалғаса берсе, ғасыр соңына дейін 1 миллиард пенденің ажалы темекіден болатыны анық. Пайдасын темекі өнімдерінен көріп жүрген өндіріс орындар нарық аясын кеңейтуге, демек, азаматтарымыздың жаппай темекі тартуына мүдделі. ДДСҰ мамандарының айтуынша темекі өнімінің жарнамалары толық тоқтатылса, темекі тартатындар саны 16 пайызы төмендейтінін анықтаған.
Қатерлі әдетпен күрес
Темекі 1 литр сүттен арзан
Заң жүзінде рұқсат етілген қауіпті өнім
Темекі – адам ағзасы үшін ойлап тапқан ең зиянды дүние болып табылады. Шылымның түтінінде 30-дан астам улы заттар бар. Темекінің 1-2 қорабында никотиннің адамды өлтіретін өлімдік мөлшері у болады. Никотин уын қабылдаған адамды өлімнен құтқаратыны зиянды заттардың ағзаға бірден емес, біртіндеп енуі. Темекі түтініне ерекше иіс пен дәм беретін, адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық қоспа бар. Никотин – темекіде және басқа өсімдіктердің құрамында болатын алкалоид шылым шеккен кезде ағзаға бірден сіңіп кетеді. Өз кезегінде бұл химиялық элемент жүйке жүйесіне қоздыру әсерін беретін, мүшелердің салдану қауіпін тудыратыну.
Темекіні серік еткендер
Астана қаласы жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының мәліметін ескерсек, дамыған елдерде әйелдердің 40-50 пайызы шылым шегетін көрінеді. Темекіні серік еткен әйелдердің балалары әлсіз, бойы аласа, бас сүйегінің көлемі кіші, салмағы кем болып туылады. Көбіне бұл балалар 9-10 жасына дейін құрбыларын физиологиялық және интеллектуалдық дамуы, мектептегі үлгерімі төмен болуы жағынан артта қалып жатады екен. Еліміздің ер азаматтары арасында шылым шегетіндері 65,3 пайызды құрап, ТМД елдері арасында алғашқы орындардан көрінудеміз. Қазақстанда 12 жастан үлкен 9,8 пайызы әйелдер темекі шегеді, әсіресе, 20-29 және 40-49 жастардағы әйелдерге темекі шегу деңгейі ең жоғары. Яғни, ана болу қабілеті артып тұрған жас ерекшелігіндегі әйелдердің көпшілігі темекіге тәуелді.
Жанар ӘБДІҚАЛИҚЫЗЫ
«Білік», №2 (151), 2013 жыл, 27 ақпан.