Тәрбие жұмысы

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің кафедраларында тәрбие жұмысы үздіксіз және тәрбие іс-шараларының мазмұнына, жоспарына және әдістеріне сәйкес жүргізіледі. Факультеттегі тәрбие жұмысы университет ректорының, Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректордың бұйрықтарына, ГПФ деканның өкімдеріне, университеттің сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (ТЖ және ӘМ жөніндегі департамент, студенттік филармония, жастар істері бойынша комитет) жоспарлары мен бағдарламаларына негізделген.

Әр жылдың 25 тамызынан бастап 05 қыркүйегіне дейін Студенттер Үйіне орналастыру, жатақханадағы орындарды тарату қызметі жүргізіледі.

1 қыркүйек күні гуманитарлық-педагогикалық факультеті 1-ші курс студенттері үшін ұйымдастыру жиналысын өткізеді. Факультеттің әрбір академиялық топтың жетекшісі ретінде эдвайзер тағайындалады.

Әр жыл сайын гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқытушылары мен студенттері көмегімен факультетке белгіленген территорияны жинастыру іс-шаралары ұйымдастырылады. Бірінші курс студенттері мен магистранттары С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің концерттік залында өткізілетін «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасына белсенді түрде қатысып отырады. Факультет студенттері мен оқытушылар құрамы «Денсаулық күніне» байланысты спорттық іс-шараларына қатысады. Факультеттер арасында спорттық жарыстарға қатысу үшін спорт түрлері бойынша студенттер арасында командалар құрастырылады.

Талапкерлерді университетке түсу үшін тарту бойынша кәсіптік бейімделу жұмысы, сыналау тестілеуді, біздің факультетіміздің тәжірибелі оқытушылармен талапкерлердің ата-аналарымен бірге әңгіме өткізу жұмысы әрдайым жүргізіледі.

Факультет студенттері әртүрлі республикалық, облыстық конкурстар мен олимпиадаларға қатысады.