Ғылыми-зерттеу жұмысы

Инициативті-іздестіру тақырыптары:

1. Қайта жандану энергия көздері және заманауи СББ білдектерін зерттеу.

2. Өндірістік өнімдердің сапасын және тиімділігін арттыруды зерттеу.

3. Көліктік құралдардың даму бағытын, пайдалану тиімділігін және сенімділігін арттыруды зерттеу.

4. Металдарды термиялық өңдеу.

5. Құрылыс-жол материалдарының сапа деңгейін жоғарлату.

6. Магистралды мұнай-газ құбырларын зерттеу.

7. Металлургиялық қайта өңдеу және металлургиялық өндірістердің техногендік қалдықтарынан жаңа тауарлық өнімдерді өндіруге арналған құрамында теміркөмір бар жаңа кешенді материалдарды алу технологиясын зерттеу және құрастыру.

Мемлекеттік бюджеттік тақырып: Ноу-хау материалдарынқолдана отырып Екібастұз көмірінен жоғары калориялы көмір брикеттерін алу, 2015 ж. финансирлеу көлемі 5 млн.теңге, ғылыми жетекшісі Абдрахманов Е.С.

Шаруашылық келісім шартты тақырыптар:

Машина жасау және стандарттау кафедрасы «ЕРТІС-СТАНДАРТ» ЖШС экпертизалау және сертификаттау ғылыми-практикалық орталығымен төмендегі тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысын келісім шарт бойынша орындауға келісім шарт жасады: «Оказание научно-технической помощи по разработке примеров метрологического обеспечения при изготовлении и контроле качества машиностроительной продукции».

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы Көлік және комуникация ғылыми-зерттеу иниститутымен төмендегідей тақырыпта келісім шарт жасады: «Оптимизация маршрутной сети городского пассажирского транспорта города Павлодара».

«Механика және мұнайгаз ісі » кафедрасы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-мен келісім шарт жасады.

2014-2015 оқу жылында «Жас ғалым» конкурсына қатысқан 6 жобаның 3-уі әрбіреуі 200 мың теңгеден грант ұтып алды. Ғылыми жетекшілері: Тоқтағанов Т.Т., Богомолов А.В., Мұқанов Р.Б.

Факультеттегі студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысы

Металлургия кафедрасы 2 ғылыми үйірме жүргізеді:

1. «Художественное литье» Ғылыми жетекшісі: профессор, т.ғ.к. Суюндиков М.М.

2. «Жас металлург» Ғылыми жетекшісі: доцент, т.ғ.к. Богомолов А.В.

Машина жасау және стандарттау кафедрасында ректордың бұйрығымен келісіп құрылған машина жасау және энергетика саласы бойынша студенттердің конструкторлық ұжымы құрылған. СКҰ төмендегі бағыттағы тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындайды:

1 Жаңа энергия көздері негізінде электр энергиясын алудың дәстүрлі емес технологиясы.

2 Жаңа кесуші құралдар.

Факультеттің ОПҚ ғылыми-зерттеу іс әрекетінің нәтижесінде 30 жуық инновациялық патенттер және авторлық куәліктер алынды.