Кафедра тарихы

«Шетел тілдер» кафедрасы 2001 жылы «Неміс тілі» және «Ағылшын тілі» кафедралары негізінде қалыптасқан. 2002-2003 оқу жылы кафедра іштей «Білім беру мамандықтарына арналған шетел тілі» және «Техника, құқық және экономика мамандықтарына арналған шетел тілі» кафедраларына бөлінді. 2003-2004 оқу жылы кафедра «Шетел тілдер практикалық курсы» кафедрасы қайта біріктірілді де, «Тіл, әдебиет және өнер институты» құрамына кірді. Жоғары оқу орны кафедраларының бөлуіне орай кафедра 2004 жылдың сәуір айында шетел тілі институты құрамына енді. Кафедра мамандық даярламайды. 2008 жылдың 1 қыркүйегінде «Шетел тілдер практикалық курсы» кафедрасы гуманитарлық-педагогикалық факультет құрамына кіріп, 2012 жылы «Шетел тілдер» кафедрасы болып атауы өзгертілді.

Оқу үрдісінде келесі пәндерді жүргізеді: барлық бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі», «Кәсіби шетел тілі».

Кафедра штаты 18 бірлікті құрайды, соның ішінде: 11 штаттық бірлік пен 7 бірлігі – қосымша қызметкерлер. Кафедрада 3 филология ғылымдарының кандидаттары, 1педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы, 4 ағылшын филология және 8 педагогика магистрлері қызмет етуде.

Материалдық-техникалық базасы: 3 компьютер, 2 принтер, 2 магнитофон, аудиториялары: А-536.

 

 

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Жұмабекова Бейбітнұр Қапарқызы

Лауазымы: кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: Ш. Уәлиханов атындағы Кокшетау педагогикалық институты, мамандығы: «Немис тілі»; Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспиранты, мамандығы: 10.02.20 «Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание» 2004 ж.

Оқытатын пәндері: «Неміс тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі», «Неміс тілі (кәсіби)»

Жұмыс өтілі: 37 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 70-тен астам 

1. Монография «Коммуникативно-прагматические аспекты категории побудительности на материале казахского и немецкого языков». Павлодар: Кереку, 2014. 

2. The Comparative Research of the Animalistic Idioms with the “Cat” Component in the English and Russian Languages. The Advances Science, United States, August, 2013. 

3. Взаимодействие системы и среды в высказываниях с семантикой угрозы. Вестник ПГУ, Серия  филологическая, №3, 2015. 

4. Problems in the Development of tolerant interreligious and interethnic among young people in the Republic of Kazakhstan, Journal of Language and Literature, ISSN: 2078-0303, Vol. 6. No. 2. Iss.2, May,  2015; Scopus

5. Peculiarities of the national Kinema, Journal of Language and Literature, ISSN: 2078-0303, Vol. 6. No. 4., November, 2015; Scopus

6. Stylistic description of phraseological connotation. Journal of Advances in Linguistics. Volume 7, №1, July, 2016

Ғылыми зерттеу саласы: 10.02.20 – «Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі»

Кәсіби жетістіктері: 11 оқу және оқу-әдістемелік құралдар, 70-ден астам ғылыми мақалалары, 2 монография, 4 электронды оқу курстары, 2 авторлық құқығын растайтын куәліктер, С. Торайғыров атындағы ПМУ оқу үрдісіне оқу құралдарын енгізу актілері. ҚР БҒМ С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының алғыс хаттары, «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаттары, «С. Торайғыров атындағы ПМУ – 50 жыл» атты медалі, Goethe-Institut, DAAD халықаралық бағдарлама гранттарының иегері.

Тілдік тағлымдама: 2009 ж. қараша – желтоқсан, Германия, Дрезден қ., ғылыми тағлымдама, 2013 ж. қыркүйек-желтоқсан, Германия, Фрайбург қ.

Қатысқан шаралары: Халықаралық конференциялар, Орта Азиялық конгресс жұмысы (2011, қазан, Алматы), неміс тілі мұғалімдерінің жиындары. ШТ кафедрасының шаруашылық келісімшарт тақырыптары бойынша қала және облыс шетел тілі мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарларға, жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін кешенді-әдістемелік тәжірибеге басшылық ету.

 5В011900 Шетел тілдері - білім беру бағдарламасы

 

Кафедраның орналасуы: А-529

Байланыс телефоны: 87182 673631 (1156 - ішкі)

 

 

 

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра жетістіктері

Ғылыми–зерттеу жұмысы

Басылымдар

Оқу-әдістемелік жұмысы

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер