Ғылыми- зерттеу жұмысы

Кафедра оқытушылары ғылыми жұмыс дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық түрде ойлауға, кафедраның және факультеттің ғылыми мектеп жұмысы деңгейінде ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесін игеруге, еңбек нарығында қажетті маманды қалыптастыруға ат салысады. 2-4 курс студенттері кафедраның ғылыми жұмысына белсенді қатысады, тезистер және мақалалар жариялап, ғылыми-тәжерибелік конференциялар және семинарларға қатысады.

Кафедра оқытушылары мен топ эдвайзерлері студенттік шығармашылық қызметіне, республикалық, аймақтық, ЖОО арасындағы түрлі конкурстарға қатысатын студенттерді әрдайым қолдайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы биылғы 2013-2014 оқу жылында 11 - монография, 27 - кітаптың т.б. авторлары болып табылады.