Оқу-әдістемелік жұмыс

Қазақ филологиясы кафедрасында штат бойынша ПОҚ – 11 адам. Кафедрада ф.ғ.д., профессор Қ.П. Жүсіп, ф.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі Н.Қ. Жүсіпов, ф.ғ.д., А.Қ. Тұрышев, ф.ғ.к., профессор Р.М. Мүтәлиева, ф.ғ.к., профессор М.Н. Баратова, ф.ғ.к., профессор Б.М. Қадырова, ф.ғ.к., қауымд.профессор А.О. Кәріпжанова, аға оқытушы, магистр Р.О. Жұманбаева, аға оқытушы, магистр А.С. Сатыбалдин, оқытушы (ассистент), магистр А.А. Юн жұмыс істейді. Ғылыми дәрежелері бойынша 70%-ды құрайды. Атақтары мен ғылыми дәрежелері бар оқытушылардың орташа жас мөлшерін 47 жас деуге болады.

Кафедрада бекітілген пәндер бойынша дәріс, тәжірибешілік сабақтар, оқытушының студентпен бірлесіп атқаратын жұмыстары, кеңестер, МАК жұмыстары, курстық, диплом жұмыстары мен магистрлік жұмыстарға жетекшілік жасау т.б. жұмыстары атқарылады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белгіленген жүктеме бойынша бекітілген сағаттарын толық орындайды. Әрбір оқу жылында кафедра мүшелері кемінде 5 оқу, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлейді.