«Шетел филология және аударма ісі» кафедрасының құрылу тарихы

Аталмыш кафедра «Шетел филологиясы» және «Аударма теориясы мен практикасы» кафедраларының қайта ұйымдастырылу нәтижесінде 2014 жылдың 10-шы ақпанында құрылды.

Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды: 5В011900 - Шетел тілі: екі шет тілі, 5В02100 - Шетел филологиясы және 5В020700 - Аударма ісі. Білім беру бағдарламаларында ағылшын және неміс тілдері негізгі шет тілдер ретінде көрсетілген. Студенттерді оқыту күндізгі ЖБОМ және ОКБ, сырттай (қашықтан) оқыту негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі (ОКБ және ЖБО)

Кафедрада шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориясы мен практикасын және аударманың теориясы мен практикасын меңгерген жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Кафедраның меңгерушісі - филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Х. Демесинова.

Кафедра штатында 7 ғылым кандидаты (филология және педагогика ғылымдары) (Г.Х. Демесинова, О.К. Жармакин, Р.А. Омарова, А.К. Каирбаева, К.К. Каримова, Г.К. Кенжетаева, А.Р. Даирова), 1 педагогикадан (PhD) доктор (Худиева С.Р.), 11 филология, лингвистика және педагогика магистрлері (Г.О. Азылбекова, М.Ж. Байтемирова, Е.А. Вишенкова, Ю.О. Гафиатулина, Ю.М. Горячих, З.В. Клюшина, В.В. Лямзина, Ж.Е.Ордабаева, Г.Ж. Сюендыкова, Р.Э.Табынбаев, С.М. Эргашева) бар. 2015 жылы аударма ісі бойынша 1 магистерлік диссертациясын қорғау (А.С. Идрисова) және 1 доктор (PhD) дәрежесін алу (А.М. Ахметбекова) күтілуде. РФ ғылым кандидаты дипломын ҚР нострификациялау (Г.О. Азылбекова) және РФ филологиядан 3 кандидаттық диссертация қорғау күтілуде.

Кафедра ұжымы тілді салыстыру, жазбаша және ауызша, ақпараттық және көркем аударма мәселелері, оларды оқыту әдістемесі, мәдениаралық коммуникация, шетелдегі білім моделі, гендерлік лингвистика, дамыта оқыту, шетелдік дидактика мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді.

Кафедраның оқытушылары, студенттері және түлектері халықаралық білім бағдарламаларына белсенді қатысады, шетелге оқуға және біліктілікті арттыруға әрдайым барып тұрады.

 

Кафедра басшылығы

Демесинова Галина Хатиповна

Лауазымы: кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: жоғары, Павлодар педагогикалық институты, мамандығы 0319 - «Ағылшын тілі», 1979 ж.

Оқытатын пәндері: «Аударма теориясы», «Типологиялық зерттеулердің негіздері», «Лингвистикада ғылыми зерттеулердің негіздері»

Жұмыс өтілі: 35 жыл

Ғылыми еңбектерінің тізімі: 65

1. Translation Studies in Bulgaria // Вестник ПГУ №2, 2013, Серия филологическая. – С. 46-51.

2. The theoretical conception of F. Güttinger // Вестник ПГУ №3, 2014, Серия филологическая. – С. 48-53.

3. Theoretical Conception of G. Toury // Материалы Республиканской научно-практической конференции, посвященной 100-летию К. Бекхожина «Творчество К. Бекхожина и современная казахская поэзия», 9 октября 2013 года. – Павлодар, 2013. - C. 289-296.

4. Theoretical Conception of Justa Holz-Manttari // Материалы Международной научно-теоретической конференции «IV Торайгыровские чтения», посвященной 120-летию С. Торайгырова, 11 октября 2013 года. – Павлодар, 2013. - C. 240-247.

5. Translation studies in Kazakhstan: theory and practice (Переводоведение в Республике Казахстан: теория и практика): Учебное пособие для студентов языковых специальностей. - Павлодар: Кереку, 2012. – 105 с. (Каримова К.К., Канарева А.В. – соавторы)

Ғылыми зерттеу саласы: типологиялық және салғастырмалы тіл білімі, аударма теориясы

Кәсіби жетістіктері: өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы зор табысы үшін «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды (2010 ж.), университет алдында ерекше қызметі үшін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Алтын медальмен марапатталды (2010 ж.).

 

Контактілі ақпарат

140008, Павлодар қ., Ломов к-сі 64 үй, 252 каб. Тел. 67-36-31, ішкі 1346

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Материалды-техникалық базасы

Кафедрасының жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмыс

Оқу-әдістемелік жұмысы

Тәрбие жұмысы

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар

Аккредитеттеу сертификаты