Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің жетістіктері

Профессор-оқытушылар құрамы оқу жылы бойы ОӘӘ шығару жоспарына сәйкес оқу құралдарды дайындауды жүзеге асырды, онымен қоса 190 ғылыми мақала жазылып жарияланды.

2013 жылы маусымда ACQUIN аккредиттеу комиссиясы (Германия) С. Торайғыров атындағы ПМУ Бизнес-класстерінің (5В090200 – Туризм мамандығы) білім беру бағдарламалары аккредиттеуден сәтті өткендігі туралы шешім шығарды.

Факультетте оқу және ғылыми жұмыстармен қатар, жастарда саналы азаматтық ұстанымдарды қалыптастыруға, адамгершілік, мәдени және жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтау мен көбейтуге, сондай-ақ үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстары да жүргізіледі.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Биология және экология» кафедрасы Беларусь мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп, Экология – Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаға қатысушы студенттер 1 және 2 курсты С. Торайғыров атындағы ПМУ, ал 3, 4 курсты БМТУ оқу мүмкіндіктері бар. Оқу аяқталғаннан кейін бірден 2 диплом ала алады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры – Ұлт көшбасшысы – қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне грант алуға арналған байқауға қатысқаны үшін п.ғ.к., кауымдастырылған профессор Есимова Д. Д. Дипломмен марапатталды – 2018 ж.

БжЭ кафедрасының аға оқытушысы Акимбекова Назымгуль Женисовна «TEMPUS+ Teaching mobility» бағдарламасы бойынша 01.04.2019–06.04.2019 уақыт аралығында Палац университетінде «Биоразнообразие и охрана Центральноазитских степей» тақырыбы бойынша дәріс оқуға халықаралық грант ұтып алды (Чехия, Оломоуц).

ХжХТ кафедрасының оқытушысы Толегенов Д. Т. «Жас ғалым-2018» облыстық конкурсының «Жас магистр» номинациясы бойынша (үшінші дәрежелі диплом) жүлдегер атанды.

ХжХТ кафедрасының оқытушысы Касанова А. Ж. «Жас ғалым-2018» облыстық конкурсының «Жас PhD докторы» номинациясы бойынша (үшінші дәрежелі диплом) жүлдегер болды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «География және туризм» мен «Биология және экология» кафедралары Алтай мемлекеттік университетімен ғылыми-білім қызметі саласындағы өзара серіктестік келісім аясында, Баянауыл ауданындағы «Баянтау» демалыс үйі базасында, «Жасыл экономикадан» экологиялық мәдениеттің жаңа типіне» тақырыбында жазғы мектеп өткізді, 2019 ж. маусымы.

Мектеп жұмысына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің «Биология және Экология» мамандығының студенттері, магистранттары және PhD докторанттары қатысты.

Жазғы мектеп бағдарламасына теориялық семинарлары, тәжірибелік ғылыми зерттеулері және дәрістері кірді: Редькин А. Г. – г.ғ.к., Алтай мемлекеттік университетінің рекреациялық география, туризм және өңірлік маркетинг кафедрасының меңг. (Барнаул қ., Ресей), Ахметов К. К. – б.ғ.д., профессор, ХТжЖ факультетінің деканы, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Есимова Д. Д. – п.ғ.к., доцент, ГжТ каф. меңг., С. Торайғыров атындағы ПМУ және Калиева А. Б. – б.ғ.к., профессор, БжЭ каф. меңг., С. Торайғыров атындағы ПМУ.