Материалды-техникалық базасы

Факультетте 74 орынды мамандандырылған дәріс аудиториялар, жалпы ауданы 440 кв.м 6 зертханалар бар: А-302, А-304, А-305, А-307, А-308, А-309. Факультетте жеткілікті көлемде дербес компьютерлер, түрлі ТОҚ бар. Зертханалар типтік зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құралдармен қамтылған.

Оқу аудиториялары ретінде 9 кабинет және екі дәрістік аудитория бөлінген: А-401, А-401а, А-402, А-404, А-404а, А-405, А-406, А-407, А-414, А-1, А-8.

Зертханалық құралдарды жаңарту және жетілдіру жұмыстары әрдайым жүргізіледі. Жаңа заман талаптарына сай кафедрада физикалық процестерді компьютерлік модельдеу зертханалары (виртуалды зертхана) құрылуда.