Кафедраның тарихы

1960 жылы Павлодар индустриалдық институты ашылғаннан бастап дене шынықтыру және спорт кафедрасы қызметін атқарады. Кафедра дене шынықтыру бойынша сабақтарын өткізуін қамтамасыз етеді. Кафедраның спорттық клубы қызмет атқарады, онда 10 жылдың ішінде 22 спорт шеберлері және спорт шеберіне үміткерлері, 3206 дәрежелі спортшылары дайындалған болатын.

2008 ж. университет   050108 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша лицензия алған.  2008 жылы сырттай оқыту формасы ашылды. Жеткілікті материалдық-техникалық база, білікті профессорлық-оқытушылық құрамы арқылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мамандардың сапалық даярлығы қамтамасыз етіледі.  

 

Кафедра басшылығы

Бегімтаев Әмірғалы Ілияшұлы — Философия және әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты.

1984 жылы Павлодар индустриалды институтын «Өндірістік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1984 жылдан 1990 жылдары «Павлодарэнерго» жүйесінде және Павлодар мемлекеттік сынақ станцияларында қызмет атқарған. 1990-2003 жылдар аралығында ҚР ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.

2004 жылдан С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан деканның жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

2010 ж. саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады.

2013 ж. бастап «Тарих және құқықтану» факультетінің деканы. 2014 ж. бастап гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы.

Осы жыл аралығында 28 оқу-әдістемелік құрал және 110 нан астам мақалалар шығарған.

 

Байланыс мәліметтері:

С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64, дене шынықтыру және спорт кафедрасы, А-09 аудитория, тел. 8(7182) 673669 (1148).

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Материалдық-техникалық база

Кафедра жетістіктері

Тәрбие жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Ғылыми-зерттеу жұмыс

Аккредитеттеу сертификаты