Қысқаша тарихы

2004 жылы университеттің биология-химия факультетінде алғашқы рет «Асыл» ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Орталықтың негізін қалаған кафедра меңгерушісі, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Бексеитов Т. К.

2005 жылы «Асыл» ғылыми-практикалық орталығы Биотехнология ғылыми-практикалық орталығына өзгертілді.

2007 жылы орталыққа Германиядан (Бавария, Нойштадт Айш) қара малдың эмбриондарын көшіріп отырғызуға арналған зертхана алынды.

2011 жылы өсімдіктер биотехнологиясы зертханасы құрылды.

2013 жылы өсімдіктер биотехнологиясы зертханасы сертификациядан өтіп, ұлттық экспертиза және сертификация орталығының күәлігін алды.

Мақсаты мен жұмыс бағыттары

Биотехнология ғылыми-практикалық орталығының мақсаты болып малдарды генетикалық және асыл тұқымды қасиеттерін, сүт және ет өнімділігін жетілдіру, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тиімділігін жоғарлату үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін еңгізу. Сондықтан орталық бюджеттік қаржыландыру, фермерлер мен шаруашылықтармен шарт негізінде ғылыми-зерттеулер жүргізуде:

  • ағаштар мен дәрілік өсімдіктерді биотехнологиялық әдістермен қарқынды көбейту;
  • картоп тұқымдарын сауықтару үшін биотехнологиялық әдістерін пайдалану;
  • биотехнологиялық әдістерімен шетел мал тұқымдар негізінде адаптивті малдарды алу;
  • селекция арқасында шаруашылықтарда өсірілетін малдардың генетикалық және асыл тұқымдық қасиеттерін жетілдіру;
  • жаңа технологиялар бойынша лядвинец өсімдігінен сенаж және шөп дайындап сауынды сиырладың сүттілігін және бордақылаудағы малдың еттік қасиеттерін жетілдіру;
  • малдардың ұрықтарын көшіріп отырғызу;
  • студенттердің дипломдық және ғылыми жобаларына және өндірістік практикаларына жетекшілік ету;
  • ауыл шаруашылық мамандарының дәрежесін арттыру үшін дайындау курстарын өткізу.

 

Орталық қызметкерлері

Қазіргі кезде орталықта орталық басшысы, 2 аға ғылыми қызметкер, 1 маман жұмыс жасайды.

Биотехнология ғылыми-практикалық орталығының басшысы - Бексейітов Тоқтар Кәрібайұлы, ауылшаруашылық ғылымдар докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі.

2004 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1993 жылы генетика және биотехнология кафедра меңгерушісі, 2009 жылы Агротехнологиялық факультетінің негізін қалаушысы және деканы. Т. К. Бексеитов 120-дан жоғары оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарды басып шығарды. 2008-2010 жылдары Т. К. Бексеитовтың жетекшілігімен 4 ізденуші кандидаттық диссертациялар қорғады.

2013 жылы ҚР АШҒА нағыз мүшесі болып сайланды (ҚР АШҒА академигі).

Негізгі ғылыми зерттеулерінің бағыты – жануарлардың генетикасы және селекциясы.

Бексеитов Т. К. ерең еңбегі үшін құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды:

Награжден почетными грамотами и медалями:

1999 ж. - Білім Министрлігінің құрмет грамотасымен

2005 ж. - "Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін" ҚР БҒМ белгісімен

2010 ж. - "Білім берудің құрметті қызметкері" ҚР БҒМ белгісімен

2010 ж. - "ЖОО-ң үздік оқытушысы" ҚР БҒМ гранты

2011 ж. - С. Торайғыров атындағы алтын медаль

2012 ж. - Облыс әкімі құрмет грамотасы

2013 ж. - "Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін" медалі

2013 ж. - нақтылы ҚР АШҒА академигі болып сайланды

 

 

Молдахметов Шектыбай Молдахметович - аға ғылыми қызметкер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанайдаров Кылышбай Дакенович - аға ғылыми қызметкер, PhD докторы

 

 

 

 

 

 

 

Касенов Ерболат Кайроллинович - маман, зоотехния бакалавры

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми-практикалық жұмыстар

Орталық қызметкерлері ғылыми жобаларды орындауда:

ҚР БҒМ «Инновациялық нәтижеге бағытталған университтетерде ғылымды дамыту» бағдарламасы бойынша жобалар:

1. Павлодар облысында дәрілік өсімдіктерді инвентаризациялау және оларды фармацевтикалық өндірісінде пайдалану мүмкіндіктері;

2. Вируссыз картопты микроклональді көбейту.

 

ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру бойынша жоба:

1. Неміс симментал негізінде биотехнология әдістермен малдың адаптивті генотиптерін алу.

 

Шаруашылықпен шарт негізінде жобалар:

1. «Шетелде селекцияланған етті қара малдың өнімділік және адаптивтік қасиеттерін зерттеу» КазАгроИнновация АҚ-ның тапсырысы бойынша жоба

2. «Картоптың тұқымдарын сауықтыру» Ақтогай Агро ЖШС-ның тапсырысы бойынша жоба.