Кафедраның құрылу тарихы

«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасы 1987 жылдан бастап қызмет етеді. Осы уақытқа дейін, яғни 1960 жылдан бастап кафедра «Құрылыс ісінің негіздері» деп, ал содан кейін «Құрылыс құрылымдары» деп аталды. Бұл жылдарда кафедраны доцент Я.М. Орошилов (1985 ж.дейін), т.ғ.к., доцент М.А. Шинтемиров (1975-1993 ж.), т.ғ.к., доцент К.Т. Саканов (1993-1994 ж.), т.ғ.к., доцент М.К. Кудерин (1994-1995 ж.), т.ғ.к., доцент Ш.К. Торпищев (1995-1997ж.), т.ғ.к., профессор С.К. Ельмуратов (1997-2003ж.), т.ғ.к., доцент М.К. Бейсембаев (2004-2006 ж.), және т.ғ.д.., проф. С.К. Ельмуратов (2006-2012ж.) басқарды, т.ғ.д, профессор К.Т. Саканов (2012ж, тамыздан осы уақытқа дейін. ).

Кафедра 2001 жылдан бастап 050729 – Құрылыс мамандығы бойынша бакалавр – мамандарын үш мамандандыру бойынша дайындай бастады: өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы, ғимараттар мен үймереттерді жобалау мен есептеу және жолдар мен аэродромдар құрылысы (профильдері: теміржол құрылысы мен автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы). 2002 жылы кафедрада көлік бағытында жаңа мамандық 440240 – Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы ашылды.

Көлік бағытында мамандарды дайындауды күшейту қажеттілігіне және «Көлік құрылысы» жаңа мамандықтың ашылуына байланысты, 2009 жылы «Көлік құрылысы және кәсіптік оқыту» жаңа кафедра ашылды (2009 ж. ақпан каф.меңг. К.Т. Саканов).

Кафедраның 57 жыл жұмыс істеу кезінде «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы бұрынғы Кеңестер Одағының және ҚР кең аумағында жұмыс жасап жатқан үш мыңнан астам инженер – құрылысшыларды және 1040 астам бакалавр – құрылысшыларды дайындады. Олардың үздіктері қазір де Қазақстан республикасын нығайтып, дамытуға ат салысып жатыр. Олар: Ахметов Даниал Кенжетайұлы – ҚР экс-Премьер министрі (2004-2007 жылдары), қазір кезде- Шығыс Қазақстан обылысының әкімі, Алибаев Серікбай Бариұлы – Қазақстан Республикасының мәжілісі депутаты, Чмых Николай Иванович Павлодар қаласының экс-әкімі (2001-2004 жылдары), Зыков Михаил Алексеевич- «Иртыштранстрой» Ассоциясының төрағасы, Есимханов Куат Есимханович – ҚТЖ Теміржолсу АҚ бұрынғы президенті, ал қазір ҚР ИДМ кезіндегі кеңесші, Скляр Роман Васильевич – ҚР Инновациялық даму министрлігінің (ИДМ) алғашқы вице министрі және т.б.

Кафедраның көптеген түлектері ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады және айналысқан. Күдерин Марат Қырықбайұлы – сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор; Сақанов Қуандық Темірұлы – т.ғ.к., ПМУ профессоры, кафедра меңгерушісіне.; Марданов Канатбек Хабидуллаевич – т.ғ.к., доцент (30.06.1994 дейін), Козионов Валерий Александрович – т.ғ.к., ПМУ профессоры (01.05.2018 дейін); Данилов Василий Иванович - т.ғ.к., ПМУ профессоры және тағы басқалары.

Кафедраға төменгі мамандарды дайындау жүктелген:

мамандық бойынша бакалаврларды:

5В072900 - Құрылыс. ( Білім беру бағдарламасы). Білім беру бағдарламалары:

- өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы;

- ғимараттар мен үймереттерді жобалау мен есептеу.

5В074500 - Көлік құрылысы. (Білім беру бағдарламасы). Білім беру бағдарламалары:

- теміржол құрылысы;

- автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы.

мамандықтар бойынша магистратура:/strong>

• 6М072900 - Құрылыс (Білім беру бағдарламасы) (2001 жылдан бастап дайындық жүргізілуде);

• 6М074500 - - Көлік құрылысы (Білім беру бағдарламасы) (2010 жылдан бастап дайындық жүргізілуде);

- Темір жол құрылысы;

- Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы.

 

Кафедра басшылығы

 

Қазіргі уақытта «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасын техника ғылымының кандидаты, ПМУ профессоры Саканов Куандык Тимирович басқарады.

ТАӘ: Саканов Куандык Тимирович

Лауазымы: «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми, академиялық деңгейі: техникалық ғылымдардың кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ-дың доценті, профессор

Білімі:жоғары, 1974 жылы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша ПИИ-ді бітірді. 1985 жылы ССРО Мемлекеттік құрылыс ҒБЖҒЗИ темірбетон теориясының орталық зертхана кезінде күндізгі аспирантураны аяқтады.

Оқытатын пәндер: Құрылыс конструкциялары, темірбетон және тас конструкциялары, автожол құрылысының замануи технологиясы, замануи технологияны автожолда және т.б. пайдалану.

Жұмыс өтілі: жалпы жұмыс өтілі 43 жыл, олардың ішінде 39 жылы ғылыми – педагогикалық.

Ғылыми еңбектердің тізімі: Ол 200-ге жуық ғылыми және оқу – әдістемелік еңбектер жариялады. Оның ішінде соңғы жылдары ҚР ҒОМ ұсынуымен баспаға 12 оқу құралын әзірледі. Солардың негізгілері:

1. Тар аумақ бетонының шекті деформациялары туралы. Баспа, Еңбектер жинағында: Ғимараттар мен үймереттердің сейсмотұрақтылығын зерттеу. ҚазНИИССА. Алматы, 2006, 215-219 б.;

2. Үздіксіз кәсіптік білім беруді ұйымдастыру ережелері. Баспа. Қарағанды университетінің №2 хабаршысы, 2006, 95-97 б.;

3. Үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесіндегі жоғары оқу орындары мен колледждердің өзара әрекеті. Баспа. Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетінің УМО және ППО №39 хабаршысы. Екатеринбург , 2006, 5 б.;

4.Саканов К.Т. Деревянные конструкции. Примеры для курсового и дипломного проектирования: учебное пособие. –Павлодар: Кереку, 2015.- 123 с.(ұсынылған РУМС-МОН РК).

5. Саканов К.Т. Ағаш конструкциялар. Курстық және дипломдық жобалаудың мысалдары: оқу құралы . –Павлодар: Кереку, 2015.- 125 б.( ұсынылған РУМС-МОН РК).

6. Саканов К.Т. Темір бетон және тас конструкциялары: оқу құралы . –Павлодар: Кереку, 2015.- 112 б.(рекомендован РУМС-МОН РК).

7. Саканов К.Т. және т.б. Жол шаруашылығы жаңа үлгі басқармасы. Алматы: КазАТК, Вестник №4.-2015

8. Саканов К.Т. и др. Работоспособность пружинных скреплении в современных условиях эксплуатации магистральной сети Казахстана. Алматы: - КазАТК, Вестник № 5-6. – 2015

9. Саканов К.Т. и др. Вклад ПГУ им. С. Торайгырова в развитие строительной отрасли Павлодарской области. Вестник ПГУ, № 1 (педаг.) - Павлодар, 2015

10. Саканов К.Т., Козионов В.А. Курстық және дипломдық жобалаудағы инженерлік графикасы: оқу құралы- Павлодар: Кереку, 2016.- 250 б. (рекомендован РУМС-МОН РК).

Барлық басылым саны 190-ға жуық

Ғылыми зерттеу саласы: бетон және темірбетон құрылымдарын есептеу мен жобалау: беріктілік, жарықшақтық пен деформациялық, кәсіби-педагогикаклық кадрларды даярлау мен қайта даярлау.

Кәсіби жетістіктері:

- ЦК ВЛКСМ мақтау грамотасы (1980);

- ССО-да жұмысы үшін райсполкомдардың мақтау грамоталары;

- Ақшалай сйыақылар, алғыс хаттар;

- ҚР БҒМ мақтаулы қызметкері;

- - С.Торайғыровтың алтын төс белгісі.

- ҚазжолҒЗИ-дың 55 жылдығында сапалы медаль: «За вклад в подготовку специалистов транспортной отрасли (2015)»

- мақтау грамоталары мен алғыс хаттар; (2013-2017 жж

 

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Павлодар қаласы,

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Шөкин көшесі, 139; Б-112, Б-137 каб.,

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор – оқытушылар құрамы

Ғылыми – зерттеу жұмыстары

Материалдық-техникалық база

Тәрбие жұмыстары

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Үздік түлектер

Кафедраның жетістіктері

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар

Аккредитеттеу сертификаты