Жұбан Молдағалиев

Мен -  қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

(«Мен - қазақпын» поэмасынан үзінді)


                                                                      






                                                                                          



Әбіш Кекілбаев

Баяғы сол алай-дүлейдің тұсында Әбілқайыр бастаған ауыр қол жыра-жықпылы ай құшақ қауып құшақтаса жығылған қазақ пен жоңғардың өлігіне толы Қаратауды шырқ айналып шықты. Әуелі Көсегенің көк жонынан көтеріле бере бұлардан бөлініп, алды-артына қарамай салдырта жөнелген Тайланның көз ұшында бұлаңытып бара жатқан қарасына ілесіп біраз шапқыласты. Бірақ, кекірегін қасірет құрсаған қайсар батырдың бәрібір көңіліне алған нәрсесін орындап шықпай, қайта оралмасын білғен Әбілқайыр аттың басын құбылаға бұрды.

(«Үркер» романынан үзінді)