2009 ж. 15-қазанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Халықаралық бірлесу Департаменті 1,2,3 курстар студенттері мен магистрлер үшін Халықаралық Зерттеулер мен Айырбастары (Айрекс) бойынша Кеңес Өкілділігінің білім беру бағдарламаларының координаторы Палуанова Лаурамен кездесуді ұйымдастарды. Кездесудің мақсаты – Э. Маска стипендиялары, студенттік айырбастаудың Еуразиялық бағдарламаның және басқаның халықаралық білім беру бағдарламаларының тұсаукесері.

Студенттік айырбастаудың Еуразиялық бағдарламасы АҚШ университеттері мен колледждерінде дәрежесіз 1 академиялық жыл ішінде 17 мамандық бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірінші, екінші, үшінші курстарының студенттеріне стипендия береді. Э. Маска стипендиялар бағдарламасы АҚШ универсиеттеріндегі магистрлік дәрежені алу үшін жоғары білімі бар мамандарға арналған. Осы жылы іскерлік басқару, құқық және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша 13 қазақстандық мамандар шамасында таңдалынады.

Халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және стипендиаттар санын ұлғайту мақсатында Халықаралық Зерттеулер мен Айырбастар (Айрекс) бойынша Кеңес өкілділігімен ары қарай тығыз байланысы жоспарлануда.