Абдрахманова Асел Дәулетқызы

    2009 жылдың 7-нен 17-қазанға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясында Мәскеу қаласындағы ғылымдар Ресей академиясының жалпы ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат Институтында ғылыми тәжірибе өту ұйымдастырылды. (ҒРА  ЖҒҒАИ).

Тәжірибеден өту кезінде ЖҒҒАИ кең кітапханасының библиографиялық базаларымен, электрондық және каталогтық қорларымен таныстырылды, ҒРА ЖҒҒАИ қызметкерлерінен маңызды кеңестер алдым, сонымен қатар ең маңыздысы «Қазақстан тарихының неміс тарихнамасы (ХІХ ғ. екінші жартысы – КСРО-ның ыдырауына дейін)» деп аталатын магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ақпараттарды жинауға ҒРА ЖҒҒАИ кітапханасының ғылыми қорларын қолдануға мүмкіндік болды. 

Ғылыми тәжірибеден өту кезінде ҒРА ЖҒҒАИ директор орынбасары, профессор, ф.ғ.к. Л.В.Скворцов пен халықаралық байланыстар мен ғылыми ынтымақтасу бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. В.И. Герасимов қолдау көрсетті. «Актуальные проблемы истории и историографии Средней Азии: сб.трудов», Душанбе, 1990 ж.; Renner Georg. «Abseits der grossen Minarette Reisen in das Land zwischen Amu und Sydarja». Leipzig, 1982.; Салов В.И. «Германская историография Великой Октябрьской социалистической революции». Мәскеу, 1960.; Салов В.И. «Историзм и современная буржуазная историография». Москва, 1977.; Eschment B. «Hat Kasachstan ein «Russisches Problem?». Koeln, 1988.; Иноятов Х.Ш. «Ответ фальсификаторам истории Советской Средней Азии и Казахстана», Ташкент, 1962.; Иноятов Х.Ш. «Против фальсификации истории победы Советской власти в Средней Азии и Казахстане», Ташкент, 1976 сияқты тағы да басқа тақырыптар талқыланды. 

ҒРА ЖҒҒАИ басқа В.И: Ленин атындағы Ресейлік мемлекеттік кітапханаға бардым. В.И. Ленин атындағы РМК сирек болатын, электрондық, диссертациялық қорларды қолдандым. 

Табысты жасалынған жұмыс қорытындысы жоғарыда айтылған магистрлік диссертация тақырыбы бойынша жиналған, ресей кітапханаларының сақтау қорларынан тұратын материалдардың толық блогы болып табылады.

 

 

Сатыбалдин

Магистрлік диссертацияға зерттеу жұмыстарын жүргізу мен кеңестер алу мақсатымен мен Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінде онкүндік тәжірибеден өттім.


Омск қаласына келгенде В.В. Иссерс бастауымен халықаралық бөлім өкілдері бізді қарсы алды. Әсем және үлкен қалада болған уақытта Виталий Владимирович пен Наталья Николаевна Струнина ғылыми бай кітапханада жұмыс істеуге және органикалық химия аймағындағы мамандардан кеңестер алуға мүмкіндік берді.  Маған әсіресе органикалық химия кафедрасының профессоры, химиялық ғылымдар докторы Фисюк Александр Семеновичпен кездесу есте қалды. Жаңа органикалық бірлесулерді синтездеу аймағындағы оның пікірлері мен көзқарастары маған ұмытылмас әсер қалдырды. Александр Семеновичтің кеңестерінің арқасында мен өзімнің магистірлік диссертацияма түзетулер еңгізіп, толықтыра аламын. 

Ф.М. Достоевский атындағы ОмМУ органикалық химия кафедрасының электрондық кітапханасында дайындалу маған өте қызықты болды. Осы аспектіде Поендаев Владимир Николаевич доценті көп көмектесті. Шынында органикалық химия аймағындағы үздік маман. Оның көмегінің арқасында мен тек орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар шет тілдеріндегі ғылыми басылымдарға қол жеткіздім.

Тәжірибенің аяқталуы бойынша бізге біліктілікті жоғарлату туралы сертификаттар табыс етті. Бұл сертификаттар – біздің бірлесіп істеген жұмысымыздың нәтижесі.

Мен Ф.М. Достоевский атындағы ОмМУ-де тәжірибеден өткен барлық магистранттар атынан осы университеттің барлық профессор-оқытушылар ұжымына алғысымды айтамын және оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ғылыми ашылымдардың болуын тілеймін.

 


Сүлейменова Шынар Кайратқызы

2009 жылдың 7-нен 17-қазанға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясындағы Мәскеу қаласындағы ғылымдар Ресей академиясының жалпы ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат Институтында ғылыми тәжірибе өттім.

Бізді т.ғ.д. Герасимов Владимир Иванович қарсы алды. Ол бізге тарих бөлімінң директоры, т.ғ.д.  Алиев Ариф Алиевичпен кездесуді ұйымдастырды.

Біз жалпы ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат Институтының кітапханасында дайындалдық. Осы кітапханада мен өзімнің магистрлік тақырып бойынша көптеген ақпараттарды, оның ішінде 1925 жылы шыққан  П.П.Румянцевтің «Киргизский народ в прошлом и настоящем» атты кітабын таптым. 

Сапардың аяқталуы бойынша институтта сертификаттарды табыс етті. Табыс еткен мәдениеттану бөлімінің директоры, институт директор орынбасары, ф.ғ.д.   Скворцов В.В.


  

Сапар бізге өте ұнады, ресей мамандарынан біз жақсы тәжірибе алдық және өзіміздің магистрлік диссертациямыз үшін көптеген ақпараттар жинадық.