Мамандықтар

Кафедра 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» (Образовательная программа) мамандығы бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.

Оқу формасы және мерзімі:

1.    Орта кәсіби білім негізінде күндізгі және сырттай оқу формасы (қысқартылған) – оқу мерзімі 3 жылдан кем емес.

2. Жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу формасы (мектептен кейінгі) – күндізгі оқу формасы бойынша мерзімі 4 жыл.

3.     Жоғарғы білім негізінде (екінші жоғары) – оқу мерзімі 2 жылдан кем емес. 

Білім беру бағдарламалары

Кафедра 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтың бір білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейді

1.1. Кәсіби қызмет саласы

5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет салалары болып табылады:

- дене шынықтыру;

- дене тәрбиесі;

- спорт (бұқаралық спорт түрлері, балалар мен жасөспірімдер спорты, параолимпиадалық спорт);

- дене шынықтыру рекреациясы;

- тұрғындарды дене шынықтыру және емдік дене шынықтыруы тәсілдері арқылы сауықтыру;

- бейімделу дене шынықтыруы.

1.2  Кәсіби қызмет объектісі

5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет нысандары – келесі ұйымдарда  дене дайындығы, дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, рекреация және қайта қалпына келтіру жүйесін іске асыру бойынша педагогикалық үдеріс болып табылады:

- мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері, (мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары колледждер, гимназиялар, училищелер), балалардың спорт мектептері мен клубтары;

- фирмалар, мемлекеттікмекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару органдары;

- дене шынықтыру, спорттық бағдардағы ғылыми-зерттеу мекемелері, дене және психикалық денсаулықтың проблемаларын қарастырушы медициналық– биологиялық ұйымдар;

1.3. Кәсіби қызмет пәні

5В010800 - Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет пәндері:

- оқыту;

- тәрбиелеу;

- спорттық жаттығу бұқаралық спорт түрлері;

- дене шынықтыру-сауықтыру, рекреациялық қызмет;

- коррекциялық-дамытушы қызмет;

- ғылыми-әдістемелік жұмыс;

- инновациялық технологияларды жобалау;

- бұқаралық-спорттық шаралар мен мерекелік-спорттық шараларды ұйымдастыру.

1.4. Кәсіби қызмет түрлері 

Дене шынықтыру және спортмамандығын бітіруші бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін іске асыра алады:

Бакалаврдың білімдік (педагогикалық) қызметі сипатталады:

- маманның білім беру қызметі дене тәрбиесінің ғылыми негізщделген үдерісін мектеп және мектепке дейінгі оқу орындарында, колледждерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінде дене шынықтыру- сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырумен сипатталды;

- педагогикалық қызмет тұрғындар арасында жарасымды өмір сүруге, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын дамытуға, денсаулығын нығайтуға деген қажеттілікке, дене құрлысын жаттығулар арқылы жетілдіруге, гигиеналық шараларды қолдануға және табиғаттың өз күшін пайдалануды үйретуге бағытталған.

Ұйымдастыру - басқару қызметі анықталады:

- білім беру саласындағы оқу – тәрбие құрылымдарында дене шынықтыру мен спорт бойынша педагогикалық қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, жарыстарды жүргізу мен төрелік жасау;

- мектеп және мектепке дейінгі оқу орындарында, колледждерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінде дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару құрылымдарында дене шынықтырудың, спорттан әдіскер, маман, әкімшілік, дене шынықтыру жұмысы бойынша кабинет меңгерушісі және көмекші сияқты әкімшілік жұмыс.

- Ғылыми зерттеу қызыметі дене шынықтырумен шұғылданатын спортшылардың  және зертхана мен ҒЗИ ғылыми қызметкерлері ретінде дене шынықтыру, рекрециялау мен қалпына келтіру жұмыстарымен байланысты; - Жобалық қызмет тренажерлық құрал – жабдықтарды жасаумен, спорттық құрылыстарды, алаңдарды, спорттық снарядтар мен жабдықтарды жобалау барысында кеңес беру қызметін көрсетумен байланысты:

- Ұйымдастыру – технологиялық: бакалаврдың ұйымдастыру технологиялық қызметі оқу үдерісінде дене шынықтырудыоқытудың жаңа технологияларын, сонымен қатар құрал – жабдықтыр, тренажерлар арқылы оқытудың оңтайлы тәртібін түрлі жастағы, жыныстағы, денсаулық пен дене дайындығы түрліше студенттер мен тұлғалар арасында жасау және енгізумен байланысты.

- жаттықтырушылық (спорттық) қызмет ғылыми негізделген жоспарлау, бақылау, ағзаның функциялық, дене, әдіс-тәсілдік, психологиялық, интеллектуалдық дайындығын және спорттық жетістіктерін түзету; жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатында дене шынықтырумен шұғылданушылардың денсаулығын сақтауға және зиян келтірмей нығайту үшін түрлі жастағы, жыныстағы спортшылардың бойында  ерік-күш сапаларын, отан сүйгіштігін тәрбиелеу;

- ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар өткізу, төрешілік жасау, оқу орындарында, клубтарда, мекемелерде спорт мерекелерін өткізумен байланысты.

1.5. Кәсіби қызметтің функциялары

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойыенша маманның негізгі қызметі төмендегі функцияларға байланысты:

-  дене шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде тәрбиелік, білімдік және сауықтыру жұмыстарымен;

-  жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарынұйымдастырумен;

- жаттықтыру үдерісін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс – тәсілдермен қамтамасыз етумен;

- спорттық дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен;

- ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға төрешілік жасаумен

1.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері 

Білуі қажет:

- тұлғаның дене шынықтыруы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы  саласында ағарту жұмыстарын жүргізу;

- дене дамуын жан – жақты оңтайландыру мен жарасылымдылығын, рухани байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;

- дене күші, ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін, дене жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын, біліктілігі мен дағдысын арттыру;

- тиімді бейімдену арқылы ағзаның қор мүмкіндіктерін, сыртқы орта факторларын (температураның жоғарылауы мен төмендеуі, орта, жоғары тау жағдайлары және т.б), өмір сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру мүмкіндіктерін арттыру:

-  спортшыларды дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты түрде ғылыми негіздеу;

- денсаулықты көп жыл бойы сақтау  және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, жұмылдыру, еңбек пен күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын дамыту.

1.7. Кәсіптік қызметтің бағыттары:

- білімдік (педагогикалық);

- спорттық (жаттықтырушылық);

- ұйымдастыру - басқару;

-  өндірістік - технологиялық;

- жобалық - есептеу;

- сервистік - қолдану;

-  тәжірбиелік – зерттеу.

6.8. Кәсіби қызметтің мазмұны

Дене шынықтыру және спорт бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны дене шынықтыру мен спорт саласындағы келесі бағыттардан тұрады: педагогикалық (білімдік); жаттықтырушылық (спорттық);  ұйымдастыру-басқарушылық; өндірістік-технологиялық; сервистік; жобалық; тәжірибелік-зерттеушілік; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеулерден тұрады.

•    мұғалім, жаттықтырушы ретінде педагогикалық-білімдік қызмет жеке
тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті саласында  ғылыми-практикалық білімдердің көзқарастық жүйесін (мотивациялы-құндылықты және денсаулық сақтау қатынасын) қалыптастыруға бағытталған;

•    педагогикалық-білімдік, тәрбиелік, спорттық-сауықтыру, жаттықтыру,
ұйымдастыру, дене шынықтыру бойынша әдістемелік және нұсқаушылық, туризм, ғылыми - әдістемелік, спорттық-төрешілік, психологиялық-педагогикалық сапалар жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

•    ДШ және С мұғалімі - жаттықтырушысының жеке тұлғаны тәрбиелеумен, қиындықтарды жеңумен, ерік күшін тәрбиелеумен, құндылықты бағдарды қалыптастырумен, спорттық этиканы және т.б. сақтаумен байланысты  болып келеді.

•    Педагогикалық спорттық-сауықтыру қызметі келесі үдерістермен байланысты:

- Дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша оқу және оқу-жаттығу үдерісін дайындықтың барлық деңгейлерін ескеру арқылы тиімділігін бақылау мақсатында жоспарлау және ұйымдастыру;

- ДШ және спортпен шұғылданушы  спортшылар мен командалардың, тұлға сапаларының  психологиялық диагностикасын  өткізуді, дайындық жағдайын басқаруды, спорттық-нормативті құжаттар жасау арқылы психологиялық дайындықты ұйымдастыру;

 - Жалпы қабылданған әдістер мен ғылыми-әдістемелік жасалымдарды пайдалану арқылы инновациялық әдістер мен технологияларды оқу-
жаттығу үдерісіне енгізуде тән саулығын, дене дайындығын, спорттық жетістіктері мен жоғары білікті  спортшылардың дене тәрбиесін, спорттық жаттығуларын жетілдіру;

•    Психологиялық - педагогикалық қызмет бағыттары:

- педагогикалық үдерісті, педагогикалық үдеріс субъектілерін дамыту бағдарламасы бойынша өзіндік кәсіби қызметті жобалау; ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-тәрбиелік; түзетуші-дамытушылық, мәдени-ағартушылық; тұлға аралық және іскерлік қарым-қатынас құруды қамтамасыз етуші әлеуметтік-мәдени және кәсіби орта бойынша кеңес берушілік және т.б.;

•    жаттықтырушылық қызметтің байланысы:

- ғылыми негізделген іріктеумен, жоспарлаумен, бақылаумен, спортшылар дайындығының функциональді, дене, әдіс-тәсілдік, психологиялық, интеллектуалдық тұстарын түзетумен, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған оқу-жаттығу жұмыстарымен, ерік-күш сапаларын, шұғылданушылардың денсаулығына зиян келтірмей жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатында түрлі жас пен жыныстағы тұлғаларға  отансүйгісштік сапаларын тәрбиелеумен;

- барлық тұрғын халықтарды сауықтыру үшін спорт түрлерін пайдалану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулығында ақауы бар жандарды әлеуметтік және спорт бағытына қарай бейімдеу.

•    Спорттық-төрешілік ұйымдастыру қызметі сипатталады:

Дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар өткізу мен төрешілік жасау, оқу орындары мен басқа да мекемелерде, клубтарда спорт мерекелерін өткізу;

Спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыру мен өткізу.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы  бакалаврының негізгі құзіретіне қойылатын  талаптар

Дене шынықтыру және спорт бакалаврының түсінігі болуы керек;

- табиғат, қоғам, танымының жалпы заңдары, тарихи шарттылықтыры, адамгершілік талаптары мен нормалары туралы, көркем шығарма  мен өнерді қоғамдық тарихи құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның мүмкіндіктерін спортты ізгілендіруге пайдалану;

- әлемтанудың ғылыми, философиялық, діни негізін, адам өмірінің мәні, өзінің және тұтас қоғамның денсаулығын сақтау туралы, дене шынықтыру  мен спорттың қоғам өмірі мен мәдениетіндегі рөлі туралы мәселелерді адам тұлғасының дене тәрбиесіндегі, денсаулықты нығайтудағы рухани адамгершілік негізінің құралы ретінде қарастыру;

-    дене шынықтыру мен спорттың адамгершілік, отанға деген сүйіспеншілігін, бүкіл халықтарға деген құрмет сезімінің тәрбиелік және білімдік маңызы, спорттық басқа елдермен қарым - қатынастағы рөлі.

-    дене тәрбиесі сабақтары мен оқу- жаттығу және жарыс барысындағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, ұстанымдары, құралдары, әдістері және түрлері туралы;

білуі керек;

- ақпаратты компьютерлік әдіспен жинау, сақтау  және өңдей отырып, бұл біліктіліктерді өзінің кәсіби қызметінде пайдалану;

- шет тілдердің бірінен лексикалық минимумды меңгере отырып, диалог, әңгімені жалпы және кәсіптік сипатта жүргізуі, дене шынықтыру мен спорт саласындағы әдебиеттерді аудара алуы;

- дене шынықтырудың жалпы және ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы әртүрлілігі мен құрылымы, дене тәрбиесінің негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;

- дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі рөлі;

-  спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыттыры, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;

-    дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді
 қорытындылау логикасын, ғылыми - зерттеулерге деген жалпы ғылыми және бірлескен көзқарасын ; 

-    дене шынықтыру сабақтарының медициналық - биологиялық және психологиялық - педагогикалық  ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру;

-    дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелері,  қызметтері, теориялық, эономикалық, құқықтық және   ұйымдастыру негіздері, дене шынықтыру мен спортты ғылыми тұрғыда басқару мектептері және оның қазіргі модельдері;

-    спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларын құру ұстанымдары, теориялық негіздері, жоспарлауды есептеу және орналастыру туралы;

-    қазіргі кәсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерекшеліктерін;

-    қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын;

Іскерлігі болуы керек;

 - әр түрлі жастағы және жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми әдістемелік тұрғыдан негіздеу, жоспарлауң бақылау  және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деігейін (дене, әдәс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы  спорттық біліктіліктерін  байқау;

- жоғары спорттық нәтижелерді, дененің жоғары жұмыс қабілеті мен денсаулыққа зиянсыз және спортшылар ағзасын үйрету тетіктерін бұзбай, ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіруге қол жеткізу;

- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру - көпшілік жұмыстарын іске асыру;

- дене шынықтыру мен спорт бойынша ғылыми және бағдарламалық - әдістемелік қамтамасыздықтың дамуына басшылық жасау;

- салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұңылдануды насихаттау;

- дене  шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде менеджмент пен маркетингті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;

- педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізу, кешендік бақылау көрсеткіштерін бағалау, математикалық статистикалық педагогикалық -психологиялық және медициналық биологиялық зерттеу әдістері арқылы өлшем нәтижелеріне талдау жасау; 

Дағдысы болуы керек:

- әр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғаларыдың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және тәрбиесі процесін,спорттық дайындық деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіліктерін байқау;

- дене жаттығуларын тәсілдік қимылдарды орындауды көрсету дағдылары мен шеберлікке үйретуі бойынша;

- медициналық биологиялық, психологиялық педагогикалық және зерттеу әдістері бойынша;

- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктіліктегі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруды түрлі тәсәлдерді қолдана білу;

- спорттық іріктеу, болжау әдістері, модельдеумен мониторинг бойынша;

Құзіретті болуы керек:

- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктіліктегі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруды түрлі маңызды міндеттерді, тәсілдерді іске асыруда;

- дене шынықтырумен спорт бойынша оқытуда, тәрбиелеуде, сауықтыруда және спорттық жаттығуларда инновациялық технологияларында;

- дене тәрбиесінің ағзаның қызметтік және бейімделу қасиеттеріндегі әсер ету ерекшеліктерінде;

- оқушыларды тәрбиелеу, сауықтыру және түрлі жастағы тұлғалардың дене шынықтыру мәселелерін басқаруда;

- дене күші және спорттықдайындықты  оңтайландыру мәселелерінде сыртқы ортаның табиғи жағдайларын, педагогикалық, медициналық биологиялық бақылауды тиімді пайдалануда;

- түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және тәрбиесі процесін спорттық  дайындық,деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық жәнеи қызметтік) басқар, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктілігіндегі ерекшеліктерінде;

- ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіру әдістері мен тәсілдерінде, дене жұмысына қабілеттілігін оңтайландыру арқылы ағзаның бейімделу тетіктеріне зиян келтірмей жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуде;

- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру жұмысын жүргізуде;

көпшілік жұмыстарын іске асыру;

- дене шынықтыру мен спортты дамытуды жоспарлау;

- дене шынықтыру мен спорт бойынша ғылыми және бағдарламалық -әдістемелік қамтамасыздықтың дамуын іске асыруда;

- салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды насихаттауда;

- дене шынықтыру менспортты басқарудың түрлі деңгейінде ғылыми тұрғыда менеджмент пен маркетингті ұйымдастыруда.

2. Білім берудің негізгі жалпы ұлттық мақсаттары және мақсаттардың иерархиясы (пән циклінің мақсаты бойынша)

Дене шынықтыру  мен спорт бойынша білім берудегі мемлекеттің негізгі  мақсаттары келесі прблемаларды шешумен байланысты;

- жалпы ұлттық білім жүйесінің басымдылығын дамытуға арналған негіздерді қалыптастыру;

- білім берудің сапасын арттыруға, жоғары білікті мамандарды алдын - ала дайындап, иілгіштік және жедел бейімделуге бағытталған білім жолындағы стратегиялық басымдықтарды анықтау;

- әлемдік білім кеңестігіне қосылуға мүмкіндік беретін сатылы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру;

- сапалы кәсіптік білім алуға, кәсіптік құзіретке ие болатын және тұтынушы  қоғамның тұлғалық қажеттілігін қанағаттандыру;

Цикл бойынша мақсат иерархиясы:

Жалпы  білім пәндері бойынша пәндер циклінің мақсаттары:

Жалпы білім деңгейін арттыру, әлемнің, қоғамның дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру, ауызша (орысша), шетел тілдері мен экологиялық мәдениетті меңгеру, дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша ғылыми – практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әдіснамалық және қолданбалы мәселелерді игеру:

Базалық пәндер циклінің мақсаты жаратылстану, педагогикалық ғылымдар саласында жалпы білімдік деңгейін арттыратын және мамандықтың қолданбалы пәндерін тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін іргелі теориялық және әдіснамалық негіздерді жасау болып табылады.

Кәсіптік пәндер циклінің мақсаты толыққанды білім беру болып табылады. Оқу орындарында оқытушыға, жаттықтырушыға білім беру бағдарламасындағы тізімге сәйкес таңдаған спорт түрі мен мамандығында дене тәрбиелеу саласы спорт түрін оқыту әдістемесінде білік, дағды қалыптастыру және еңбек нарығында оқытушы – жаттықтырушы мамандардың бәсекелестігін қамтамасыз ету.

3. Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар.

3.1 Жалпы білімділікке қойылатын талаптар

Бітіруші – бакалавр міндетті:

-    кәсіптік қызметті орындау барысында  пайда болған мәселелерді шешуге
арналған қажетті таным әдістерін өз деңгейінде меңгеру;

-    педагогикалық шығармашылықты дамыту мен өзімдік білім алу қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған кәсіптік қызмет әдіснамасын  меңгеру;

-    дене шынықтыру жүйесіне жұмыс істеуге мүмкіндік беретін (дене тәрбиесі, бұқаралық спорт жоғары көрсеткіштер спорты мен спорттағы қалпына келтіру) ілімдік білімдерді, тәжірбиелік дағдыларды және біліктіліктерді игеру;

-    адамның адамға, қоғамға қатынасын, қоршаған ортаға, ойлау мәдениеті мен өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру біліктілігін реттеп отыратын адамгершілікті мәдениет, этикалық құқықтық нормаларды меңгеру, әлеуметтік маңызды мәселелермен процестерді талдау, кәсіптік қызметтің бағыты өзгерген жағдайда жаңа білімдерді меңгеру  қабілетіне ие болу;

-    дене тәрбиесі құралдары адам ағзасына әсер ету дәрежесін бағалауда аралас пәндерді пайдалану әдістерін меңгеру және білу;

-    білу кәсіби және ғылыми қатынас саласында мемлекеттік және орыс тілдерін өз қызметінде кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, дене шынықтыру мен спорт бойынша мемлекеттік тілдегі терминологияны терең үйрену және дамыту;

-    ағылшын тілінде білімін жалғастыруға және кәсіптік қызметін жүргізуге қабілетті болу.

3.2 Әлеуметтік-этикалық құзіретіне қойылатын талаптар;

Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша бакалаврға қажетті:

-    жалпы интеллектуалды біліктіліктерді меңгеру (гностикалық, жобалық, конструктивті, қатынастық, ұйымдастырушылық);

-    білімберу отбасы, дін, спорт, әлеуметтік қатынаста, тұтынушы, жұмыскер, меншік иесі ретінде әлеуметтану мәселелерінде құзырлы болу;

-    отбасы бюджетінің экономикалық есебін құрай білу, дене шынықтыру және спорт бойынша сұранысты, ұсынысты қызмет көрсету нарығында болжай білу;

-    әлеуметтік жағдайларды жетілдіру дағдыларына ие болу;

-    бұқаралық әлеуметтік ұйымдардың пайда болуы мен дамуының негізгі көздерін, негізін білу және оларды талдай білу;

-    тұлғаға деген әлеуметтік қалыптасу факторлары, негізгі заңдылықтарды және дене шынықтыру мен спорт саласында спортшы туралы арнайы әлеуметтік топ уәкілі ретінде әлеуметтік мінез – құлық түрлерін реттеу туралы ғылыми түсінікке ие болу;

-    дене шынықтырудың маңызын, оның адам өміріндегі ролінің маңызын түсіну, әлеуметтік тәжірибені алу, сақтау, біреуге беру тәсілдері туралы, мәдениеттің базалық құндылықтары туралы көзқарасқа ие болу;

-    әлеуметтану зерттеулерінің әдістемесі мен техникасын меңгеру;

-    кәсіптік қызмет саласында құқықтық және адагершілік – этикалық нормаларды, спорттық этиканы білу.

3.3. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзіреттілігіне қойылатын талаптар.

Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша бакалаврға қажетті:

Дш және С саласындағы  экономикалық қызмет саласының негіздері мен ДШ мен С саласындағы тауарлық-қаржылық қатынастарды, ДШ мен С саласын материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету, ДШ мен С саласындағы мамандардың шетелдерде білім алуын, дайындалуын, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ДШ мен С-ты жоспарлау, болжау және дамыту мәселелері;

ДШ мен С-ның тиімділігі туралы экономикалық тұрғыдан бағалау және республикадағы ДШ мен С-ның қазіргі экономикалық жағдайлары туралы  көзқарасқа ие болу;

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының сыртқы экономикалық қызметі, халықаралық саяси өмір ағымдары, Қазақстандағы және әлемдегі саяси жағдайлар туралы, оның қазіргі саяси аренадағы рөлі мен статусы, спорттық жетістіктердің саяси мәні туралы

3.4. Кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптар.

Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша бакалаврдың міндеті:

Дене тәрбиесінің түрлі жүйелері мен спортшыларды көпшілік разрядтар бойынша тәрбиелеумен қоса жоғары білікті спортшылар дайындау теориясы мен практикасының негіздерін білуі;

Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығудың бағдарламалық материалдарын еркін түрде меңгеруі;

- таңдаған спорт түрінен спорттық дәрежесін орындауы (бірінші, екінші) және базалық спорт түрі бойынша спорттық дәрежеге (екінші, үшінші) ие болуы;

- дене шынықтыру және спорттың көпшілік түрлерін оқытуда білім берудің барлық құрылымдық сатыларындағы әдістемесін меңгеру;

- көпшілік  дәрежелі спортшылардың дене тәрбиесі мен дайындығындағы түрлі жүйелердің теориялық негізін меңгеру;

- дене жүктемелеріне төзімділіктің физиологиялық және дәрігерлік бақылау әдістерін, қалпына келтіру құралдарын білу, оларды оқушылардың дене тәрбиесі мен спортында қолдана білу;

- ағзаның бейімделу заңдылықтарын сақтау арқылы денсаулық сақтау және жоғары спорттық нәтижелерді көрсету үшін оның дене және қызметтік қорларын басқарудың ғылыми негіздемесін білу;

- типтік спортық қондырғылар туралы, олардың құал- жабдықтарына деген нормативтік  талаптардың негізгі туралы білімдерге ие болу;

- дене шынықтыру мен спорт мәселелері қарастырылған заңдылықтарды басшылыққа ұстау.

- спорттағы дарынды балаларды дайындау мен іріктеу жұмысын жүргізу.

- дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша қолданыстағы заңдарға бағдарлануы.

8.5. Өзгермелі динамизм мен белгісіздік өріс алуы жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік жан-жақтылыққа  дайын болуына қойылатын талаптар.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр келесі талаптармен қамтамасыз етілетін өзінің кәсіби қызметіндегі өзгерістердің түрлері мен сипатына әдістемелік және психологиялық тұрғыдан дайын болуға міндетті:

- барлық уақыт пен барша халықтардың дене шынықтыру тарихын, көпшілік – сауықтыру, оқу - әдістемелік, шетелдердегі спорттық жұмыстарды ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін білу;

- шет тілінде білімін жалғастыру мен кәсіптік қызметін жүргізуге қабілетті болу;

- кәсіптік қызметті орындау барысында пайда болатын міндеттерді шешуге арналған қажетті таным әдістерін өз деңгейінде меңгеру;

- педагогикалық шығармашылықты дамытуға, өзіндік білім алуға қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған кәсіптік қызмет әдіснамасын меңгеру;

- отандық білім беру жүйесі мен оқу  бағдарламаларының халықаралық білім беру кеңестігімен үйлесімділігін іске асыру;;

- білім берудегі инновациялық көзқарастарды дамыту;

- білім бағдарламалары мен ақпараттық технологияларды жетілдіру;

- оқу барысында қосымша мамандықтарды меңгеру;

- өзіндік білім алу дәрежесі мен шығармашылықпен білім меңгеру дәрежесін арттыру.

3.6. Оқу пәндерінің негізгі  циклдарды бойынша білімділікке қойылатын талаптар.

 - Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқу пәндерінің негізгі циклдары негізінде білімділікке қойылатын талаптар:

Жалпы білім пәндер циклі:

- Қазақстан тарихын, философияны, шет тілін, қазақ (орыс) тілдерін ҚР МЖБС қарастырылған көлемде информатика мен экологияны білу;

- дене шынықтыру мен спорт бакалаврының кәсіптік қызметі үшін қажетті әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының негізін меңгеру;

- жалпы білім деңгейін жетілдіру, әлем, қоғам дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру;

- ауызша қазақ (орыс), шет тілдерін және экологиялық мәдениетті меңгеру;

- дене шынықтыру және спорт мамандығының ғылыми – практикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін әдістемелік және қолданбалы мәселелерді игеру;

- дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдану барысында игеруге, оқу және өндірістік қызөметті тиімді орындауға мүмкіндік беретін мықты денсаулық және жоғары жұмыс қабілетіне ие болу.

Базалық пәндер циклі қамтамасыз етуі тиіс:

- жаратылыстану, педагогикалық ғылымдар саласында мамандықтың қолданбалы пәндерін тиімді меңгеруге ықпал ететін, жалпы деңгейін арттыратын  іргелі теориялық және әдістемелік негіздерді жасауды қамтамасыз ету;

- дене шынықтыру және спорттың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі, педагогика ғылымдары бойынша білімдерді меңгеру;

- дене тәрбиесі мен спорттық жаттығуды әдістемелік тұрғыдан тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін жаратылыстану, медициналық – биологиялық және гигиеналық ерекшеліктерді терең меңгеру, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығуды ағза тетіктерін дамыту заңдылықтарын ескеру арқылы әдістемелік тұрғыдан тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін ¸ әдістер мен тәсілдерді білу.

Кәсіптік пәндер циклі:

- таңдаған мамандығы бойынша теориялық және әдістемелік негіздерді терең зерттеумен, жетілдірумен айқындалады;

- қозғалу біліктілігі, әдіс – тәсілдік шеберлігі, кәсіптік құзырлығын қалыптастырумен және  қосымша таңдаған спорт түрі бойынша жоғары біліктілігімен байланысты;

- оқу бағдарламаларының тізіміне сай оқу орнының оқытушысына, таңдаған спорт түрі немесе мамандығына сәйкес жаттықтырушыға қажетті спорт түрін, дене тәрбиесін  оқытудың әдістемесін меңгеруді қамтамасыз ету қажет.

3.7.Жеке пәндер  бойынша білімділікке қойылатын талаптар.

Философия, Қазақстан тарихы, Қазақ (орыс) тілдері, Шет тілі, Экология, Информатика.

- әлем жаратылысының ғылыми, философиялық және діни негіздерін, мәнін, орны мен адам өмірінің мәні туралы көзқарастарға ие болуы;

- әлеуметтік мәдени дамудың  заңдылықтарын талдай біліп, қазіргі өркениеттің жолдарын интерпретациялауды білуі;

- ұлттық мәдениет дәстүрлері мен әлем халықтары мәдениетін білу;

- адамгершіліктің қоғамдық тарихи шарттылығын, оның келіп шығуы, дамуы мен қызметін білуі;

- Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде негізгі даму бағыттарын, қоғамдық қозғалыстар мен партияларды, экономика, әлеуметтік даму, мәдени және ғылыми – техникалық прогресс салаларын, ҚР басқа мемлекеттермен өзара қарым – қатынасын, аталған салалардағы сыртқы саяси қызметін білу;

- Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалардың, құбылыстардың объективті себеп – салдар байланыстары туралы білімге ие болу;

-  тарихи процестің даму заңдылықтарын, пайда  олу шарттарын, бұрынғы кеңестік мемлекеттің саяси жүйедегі қызметін, әлемдік социализм жүйесінің жойылу себептерін, ССРО тарауының объективті себептерін және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын игеру;

- кәсіптік және ғылыми қатынас саласында мемлекеттік және орыс тілдерін білу өз қызметінде кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, мемлекеттік тілдегі дене шынықтыру мен спорт  бойынша термин сөздерді терең үйрену және дамыту;

-  кәсіптік және ғылыми қатынас саласында мемлекеттік және орыс тілдерін білу өз қызметінде  кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, мемлекеттік тілдегі дене шынықтыру мен спорт бойынша термин сөздерді терең үйрену және дамыту;

- ағылшын тілінде оқуды жалғастыруға және кәсіптік қызмет жүргізуге қаблетті болу;

- экологияны үйрену негізінде адам мен қоршаған орта арасында дұрыс қатынас құра білу;

- компьютерлік сауаттылықты жетілдіру, дене шынықтыру мен спорт практикасында пайдалана білу;

- ұлттық мәдениет дәстүрлері және әлем халақтарының мәдениетін білу.

Медициналық-биологиялық бағыттағы пәндер:

Спорттық морфоогиямен байланысты адам анатомиясы, дене жаттығуларының биомеханикасы, (жалпы және жас), дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері, спорт медицинасы, ДШ м С гигиенасы.

- адам ағзасының құрылымы туралы, жыныс, жас және қозғалыс белсенділігінің  тәртібіне байланысты дене өлшемі мен құрамы туралы білімдерге ие болу;

-  ағза дамуының өсу заңдылықтарын, биологиялық жастың топтық және жеке көресеткіштерін, спорттық бағдар мен іріктеу үшін морфологиялық өлшемдерді білу;

- бұлшық ет қызметінің шартына сай ағзалардың бейімделу- құрылымдық өзгерістерді мен жүйесі туралы мәліметтерді меңгеру;

- қозғалыстық сапалар мен қозғалыс басқарудың кинематикасын, динамикасын және энергетикасын, сонымен қатар спорттық шеберліктің биомеханикалық сипаттарын білу;

- дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану барысында биохимиялық бақылау жасаудың негізгі сипаттарын білу;

- дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану барысында тамақтанудың биомимиялық негіздермен танысу;

- жүйке, бұлшық ет және сенсорлық жүйелердің, сонымен қатар тыныш күйде және дене белсенділігі жағдайында вегетативті  қамтамасыз ету жүйесінің физиологиялық заңдылықтарын оқып  үйрену  шұғылданушылардың ағзасына дене шынықтырудың әсері туралы білімгерлікке ие болу;

- мектеп бағдарламасы бойынша спорт түрлері сабақтарында дене жаттығулары және жүктемелерімен шұғылданудың ағзаның жеке қызметтік жағдайына әсері туралы білімдерді меңгеруі, осы жағдайларды ағзаға әсер ету тиімділігін физиологиялық негіздеу, сәйкессіздік байқалған тұста оларды басқарудың түзету тәсілдерін ұсыну;

түрлі қарқындылықтағы және биоэнергетикалық бағыттағы дене жаттығуларының жас және біліктілік аспектісі арқылы ағзаға әсер ету ерекшеліктерін ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін жеке ерекшеліктерін ескеру арқылы спорт дайындығының әдістері тәсілдерін лайықты іріктеу негізінде білу;

тыныштықта тұрған қалпында дене жүктемелері көрсеткіштерінің әсер ету ерекшеліктерінің, спорт түрлерінде қалыпты және шектеулі-ширыққан дене жүктемелерін орындау барысында ағзаның дене дайындығы мен физиологиялық жағдайын әдістемелік тұрғыдан негізді басқару үшін ағза қызметін зерттеудің физиологиялық әдістерін меңгеруі;

ағзаның қор мүмкіндіктері және нақты жүктеме кезінде оны жұмылдыру мен іске асыру барысы туралы ақпараттар негізінде оқу-жаттығу үдерісі мен дене шынықтыру және спортпен шұғылданушыларды басқару әдістері мен тәсілдерін меңгеру;

- аурулар менжарақаттардың алдын алу шаралары және паталогиялық жағдайларда дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету әдістемесін білу;

- дәрігерлік – педагогикалық байқаулар жүргізудің әдістерін білу;

- оқушылар жүктемесіне қойылатын гигиеналық негіздер мен талаптарды және таңдаған мамадығы бойынша оқу – жаттығу талаптарын білу;

- мектепке және арнайы спорттық қондырғыларға  қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды білу;

- ДШ және С педагогикасы, ДШ және С психологиясы, ДШ және С тарихы,  ДШТ ж Ә, спорттық жаттығу негіздері, ДШ ж С басқару  менеджментінің негіздері.

- педагогикалық ғылымының даму кезеңдерін , ұлы педагогтар мен қазіргі жаңашыл педагогтардың пеагогикалық ойларын, соның ішінде дене тәрбиесі туралы ойларды білу;

- оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру;

- дене шынықтыру мен мен спорт саласында қолданылатын оқу процесін ұйымдастырудың дидактикаылқ категорияларын, принциптерін, әдістері мен түрлерін үйрену;

- дидактика біліміне сүйене отырып, педагогикаылқ тұрғыдан нақты оқу жағдайына  талдау жасап, бағалау және оны шешудің  педагогикалық тиімді және шығармашылық тұрғыдан мүмкін жолдарын табу;

- дене тәрбиесі мен оқу жаттығу жарыс процестерінде тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, принциптері, әдіс – тәсілдері жне түрлері туралы нақты көзқарасы болуы;

- қазақ және басқа халықтырдың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын білу;

- психология пәні туралы, оның философиялық және гносеологиялық тамырлары туралы, психологиялық ғылымдар, психика мен сананың эвалюциялық дамуы туралы нақты көзқарасқа ие болу;

- психика, психологиялық үдерістер, тұлғаның қасиеттері, тұлға аралық қатынастар заңдылықтырын, оқу мен тәрбиенің, қызмет пен қатынастың, тұлғаның онтогенездік дамуы заңдылықтырын , спорттық қызметтің психологиялық ерекшеліктерін, спортық жоғары нәтижеге жетудң факторларын мақсатын, міндетін, принциптері мен спортшыларды дайыендаудың психологиялық мазмұны мен қамтамасыз ете білуді үйрену;

- жалпы , жас және спорттық психологияның әдістері мен дене тәрбиесі және спортта қолданылып жүрген психологиялық әсер ету  әдістерін меңгеру тиімді қатынас тәсілдеріне үйрену;

- дене шынықтыру мен спорттың қоғам мәдениетінің бөлігі ретінде пайда болуы мен даму тарихын, дене тәрбиесі мен спорттың түрлі тарихи кезеңдегі әдістері мен тәсілдеріне ғылыми талдау жасай білу;

Дене шынықтыру мен дене қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзіндік бөлігі ретінде құрылымын, қызметін және дамуын әлеуметтік саяси, идеологиялық және қоғамның рухани саласы ретінде қызметін аша білу;

- дене шынықтыру мен спорттың қоғамдағы, спорттық дәстүр салттар мен символдардағы әсерінің әлеуметтік – экономикалық қызметін білу;

- долимпиадалық қозғалыс және оның қазіргі бағыттарының экономика, саясат, идеология, кәсіпқой спорт негіздеріндегі көрінісін білу;

- ДШ м С саласындағы экорномикалық қызметті, осы саланы ынталандырудың түрлері мен әдіс – тәсілдерін білу;

- Дене шынықтыру мен спорттың құқықтық негіздерін білу;

- Дене шынықтыру қозғалысын басқару жүйесінің негізгі ұғымдары мен қызметін білу;

- Дене шынықтырудың құрылымдық саласында ДШ ж С қызметін ұйымдастрыу жәгне басқару білімдері мен дағдыларын меңгеру;

- ДШ ж С негізгі ұғымдары мен терминдерін меңгеру, оларды ұйымдастыру – басқару әдіс – тәсілдерінің негіздерін меңгеру;

- қарапайым спорт алаңдарын, типтік спорттық қондырғыларды пайдаланудың құрлысы дағдыларын білу;

- Дене шынықтыру және оның құрамды бөліктернің қоғамдағы ролі, тұрғындар арасында уәждемелік – құндылық ұғымдарын қалыптастыру әдістерін меңгеру;

- ДТ теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздерін, оқушы жастар мен тұрғындар арасындағы дене тәрбиесінің негіздерін білу;

- Спорттық жаттығу мен балалар  және жеткіншектер спортының теориясы мен әдістемесінің негіздерін білу;

- Дене шынықтыру саласындағы теориялық көзқарастарға ие болу және меңгеру;

- Біліктілік сипаттамасында қарастырылған спорттық дайындыққа ие болу.

Мектепте спорттың базалық түрлері бойынша пәндер:

Мектепте қолданылатын спорттың базалық түрлері бойынша пәндерді оқып-үйрену, жеңіл атлетика, гимнастика, спорт ойындары, баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, жүзу, шаңғы спорты, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс өткізу бойынша бакалаврлардың  әдіс-тәсілдік, педагогикалық, әдістемелік  және ұйымдастыру әдістерін меңгеруі болып табылады.

Жеңіл атлетика

- жеңіл атлетика түсінігінің анықтамасын, жеңіл атлетика жаттығуларының
топтамасын, жеңіл атлетика дамуының тарихын, жеңіл атлетикалық спорттың болуын білу;

- жеңіл атлетикалық жаттығулар техникасының негіздерін, спорттық
әдістер түсінігінің анықтамасын, спорттық нәтижелерді арттыруға арналған техниканың маңызын білу;

- жеңіл атлетика түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесін, үйрету мен жаттықтырудың негіздерін, үйрету әдістерін, жеңіл атлетика сабақтарында көрсету мен түсіндіруду  пайдаланудың ерекшеліктері, сапқа тұру командаларын беру, жеңіл атлетика түрлерін дұрыс түсіндіру мен көрсету;

- оқушыларға жағдайға байланысты сабақ түрлері мен жаттығу сабақтарының құрылымын, жеңіл атлетика түрлерінің құрамын үйретуді білу;

- жеңіл атлетика бойынша жоспарлау мен жұмыс есебін жүргізуді ұйымдастыру, жеңіл атлетшілердің жалпы және арнайы жаттығуларын, жеңіл атлетика техникасын меңгеруді білу,

- жеңіл атлетикаға арналған спорттық қондырғыларды, құрал – жабдықтарды пайдалануды білу;

- жарыстарды өткізу мен ұйымдастыруды, жеңіл атлетикатүрлерінен жарыс ережелерін білу.

- Гимнастика

 - Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастикасының ролін білу;

- Гимнастикалық термин сөздерді, жалпы дамыту жаттығулары мен снарядтағы жаттығулар кешендерін құрастыру әдістемесін білу;

 - Гимнастикалық снарядтарда жаттығулар мен элементтер орындау
техникасын білу;

- Саптық және жалпы дамыту жаттығуларын жүргізудің әдістемесін білу;

- Спорттық гимнастика бойынша жарыстар ұйымдастыру мен өткізу.

Спорттық ойындар

- спорттық ойындарды оқытудың теориясы мен әдістемесін білу;

- ойынның техникасы мен тактикасын меңгеру;

- спорттық ойындар бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеру және өзіндік педагогикалық дағдыларына ие болу;

- төрешілік дағдыларын, спорттық жаттығуларды ұйымдастрыу әдістері мен түрлерін білу;

- педагогикалық байқау дағдылары мен оқыту сапасын арттыруды меңгеру

Қозғалыс ойындары

- қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесін білу;

- қозғалыс ойындары бойынша оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өзіндік сабақтан тыс жұмыстарды жүргізе білу;

- қозғалыс ойындары бойынша төрешілік дағдыларын, спорттық жарыстарды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білу;

- «Көңілді старт» өткізу сценариі мен жарыстар ережелерін құрастыра білу:

- 50 дей қозғалыс ойындарының мазмұнын жатқа білу;

Ұлттық спорт түрлері және оқыту әдістемесі

- халықтық – ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын, көпшілік түрлерін, салт дәстүрлерін , оқу әдістемесін білу;

- ұлттық спорт түрлерінің адамның дене және рухани дамуына әсерін білдіру;

- сабақтарды және жаттығуларды ұйымдастыра және өткізе білу;

- оқу және жаттығу жұмыстары жоспарлау және есеп жүргізу;

- құрал – жабдықтар мен инвентарды білу;

- ұлттық спорт түрлерінің техникасы мен тактикасын меңгеру;

- жарыс ережелерін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді білу.

- спорт түрін дамыту тарихын, жіктелуін, терминологиясын, орындалу әдісін, тәсілін, қажетті дене сапаларын, ағзаның қызметтік және психикалық сапаларын, бақылау-нормативті талаптарын, спорттық құрылыстар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, жарыс ережелерін, төрешілік жасауды білу;

- жүзу мен шаңғы спортына қажетті дағдылар мен біліктіліктерге ие болуы;

- оқыту әдістемесін, оқу теориясы мен әдістемесін меңгеруі.

3.8.  Арнайы құзіреттілікке қойылатын талаптар

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бакалаврлары келесі біліктіліктерге сәйкес келеді, атап айтқанда: ДШ мұғалімі мен жаттықтырушысы, дене шынықтыру-спорттық ұйымының, дене шынықтыру және спортты басқару органдарының қызметкері, спорт комитетіндегі, департаменттегі, кәсіпорындар мен ұйымдардағы, қоғамдық дене шынықтыру-спорттық, жастар мен басқа да мәдени-ағарту мекемелеріндегі  ұйымдастырушы, дене шынықтыру және спорт тәсілдері арқылы қайта қалпына келтіру қызметін атқаратын емдік дене шынықтыру бойынша әдіскер (нұсқаушы).
Арнайы кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс:

Педагогикалық (білімдік) құзіреттілік байланысты:

- оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, сауықтыру әдістері және тәсілдерімен;

- іргелі кәсіби білімідермен, біліктілік және дағдылармен, педагогикалық шеберлікпен, педагогикалық қатынас пен жетекшілік жасау стилімен;

- сөйлеу мәдениетімен, оқытудың ұйымдастыру әдістерімен, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерімен, оқытудың инновациялық технологияларымен;

- биологиялық, психологиялық, теориялық және әдістемелік білімдерді  мұғалім мен жаттықтырушының кәсіби қызметіне жинақтай білу біліктілігімен.

- гностикалық бағыт дене рекреациясы мен қайта қалпына келтірудің тиімділігін арттыру тәсілдері мен түрлері туралы  өзіндік білімдерін, оның дене шынықтыру-рекреациялық қызметтерге әсерін  байытуды көздейді.

- педагогикалық қызметтің коммуникативті бағыты тәлім алушы мұғалім мен жаттықтырушы арасында жан-жақты өзара қатынастардың орнығуынан тұрады.  

Биологиялық құзіреттіліктің шарттары:

- түрлі қарқынды, биоэнергетикалық бағыттағы дене жүктемелерін, базалық және таңдаған спорт түрлері бойынша ағза жүйесіне әсерін бағалаумен байланысты арнайы білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

- бакалаврдың сабақта және жаттығу сабақтарында шұғылданушының ағзасындағы  физиологиялық жағдайын бағалау қабілеті;

- ағзаның қызметі, оның жеке бейімделу мүмкіндіктері мен дене жүктемелерінің ағзалардың жүйесіне реакциясын ескеру арқылы (асыра жаттығу салдарынан ағза жүйесінің қызметін бұзбау жағдайын қалыптастырмас үшін және шұғылданушының мүгедектігіне немесе өліміне жол бермеу үшін) оның қорлары туралы білімдер негізінде ағзаның жаттығуын басқару қабілеті.

Психологиялық құзіреттілігі:

психологиялық жағдайдың сипатына лайықты тәлім алушыға психологиялық әсер ету әдістерін таңдау біліктілігі;

жеке тұлғаның даму заңдылықтарын, шығармашылық әрекетін дамытуды, жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, оқу қызметінің мотивациялық әдістерін,адамгершілікті мінез-құлықты, тәлім алушының өзін дамыту жолдарын білуі;

тәлім алушыға оқу және спорттық жетістіктер жағдайын жасай білу;

педагогикалық өзара әсер ету, жағымды психологиялық микроклимат қалыптастыра білу қабілеті.

Жаттықтырушылық (спорттық) құзіреттілігі:

шұғылданушылардың дене, техникалық және тактикалық дайындығын ағзаның бейімделу механизмдерін бұзбай отырып, жоғары спорттық жетістіктерге жетумен бірге білімдерін, біліктілігі мен дағдыларын жинақтау арқылы дене шынықтыру және спорттың, биохимиялық, физиологиялық, биомеханикалық, психологиялық ерекшеліктерінің теориялық және әдістемелік негіздері туралы, дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдері туралы, жаттығу процесін жоспарлау, бақылау, коррекциялау туралы білімдері мен дағдылары және спортшылардың көп жылдық дайындығы кезеңдері мен дене шынықтырумен шұғылданушылардың оңтайлы дене дайындығы негізінде ғылыми негізделген бағытта басқара білу;

дене шынықтыру және спорттың шұғылданушылардың ағзасына әсер етумен байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу мен ұйымдастырудың инновациялық әдістерін білу мен меңгеру;

дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен шұғылдану барысында пайда болатын дене жаттығуларына, ағзаның жай-күйіне  әсерін бағалаудыңпедагогикалық, биомеханикалық, биохимиялық, физиологиялық, психологиялық талдаулар жасау әдісін меңгеру;

бакалаврдың кәсіби қызметіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін игеру;

спорттағы дарынды балаларды дайындау мен іріктеуді ғылыми негізделген түрде жүргізу (дене, техникалық-тактикалық білімдер мен біліктіліктерді, әрекеттерді орындауды меңгеру);

дене шынықтыру қозғасылысын басқарудың қазіргі әдістерін пайдалана білу.

Мұғалімнің, жаттықтырушының ғылыми-зерттеу құзіреттілігі:

дене шынықтыру, спорттық дайындықтың міндеттерін практикалық бағыттылық арқылы шешу, стандартсыз шешімдер іздестіру, ақпараттар жинау менөңдеу, инновациялық технологияларды енгізу;

жаттығулардың құру ретін модельдеу, жобалау, енгізу мен тиімділігін бағалау;

сабақтар мен жаттығу сабақтарын, сабақтан тыс шараларды, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды, оқушылардың өзіндік жұмыстарын, мұғалімнің, жаттықтырушы мен щұғылданушының алда тұрған жұмыс барысын жоспарлауы мен модельдеуін, оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың әдістері, тәсілдері мен формаларының мазмұны мен құрылымын іріктеуді, іс-әрекет кезеңдерін бөліп көрсету мен міндеттер жүктей білу моделін құра білу.

Гностикалық функциясы жекелеген тәлім алушы мен ұжымның зерттелуі мен диагностикасын, тәлім алушының білімділік және тәрбиелік деңгейі, олардың дене дамуы мен спорттық дайындығы және өзін іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырудан тұрады.

Ұйымдастыру-басқару құзіреттілігі келесі қабілеттерде көрінеді:

оқу-тәрбие, жаттығу, жарыс және бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдерін меңгергенде;

тәлім алушылардың оқу-жаттығу мен жарыс қызметін және өзінің педагогикалық қызметін басқаруда;

пән материалын еркін түрде меңгеруі және оның практикалық мәнін іс-жүзінде көрсете алуы;

проблемалы оқу-тәрбие жағдайларында тиімді педвгогикалық шешімдер қабылдай білуде;

дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың әдістері мен тәсілдерін ғылыми негізделген тұрғыда пайдалану, оларды практикада қолдана білуде;

ДШ мен С қуатын тәрбиелік іс-әрекетте пайдалана білуде.

Конструкциялық-жобалау құзіреттілігі қарастырады:

жаттығу процесін, спорт жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты көп жылдық дайындық барысында стратегиялық, тактикалық, жедел, ағымдық міндеттерді алдын-ала жоспарлауды;

өзінің іс-әрекетімен қоса қол астындағылардың да жұмысын, жарыс жүйесін  жоспарлауды, мақсаттар жүйесін құра білуді, оларды іске асыруды және оған қол жеткізуге қажетті  ресурстарды анықтауды;

талап етілген түрде басқару шешімдерін рәсімдеуді;

түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуді;

оқушылардың бос уақытын, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды өткізуді, бұқаралық спорттық шараларды ұйымдастыруды, алға қойылған міндеттерді шешу  тәсілдерін жасау, дене шынықтыру-рекреациялық қызмет мазмұнын, тұрғындардың түрлі топтары арасында белсенді демалыс ұйымдастыруды (жасы, жынысы, қызығушылығы мен тұрғылықты жеріне және денсаулық жағдайына байланысты, т.б.) салауатты өмір салының әдістері мен тәсілдерін және белсенді демалысты насихаттауды жобалау;

типтік спорттық құрылыстар мен олардың құрал-жабдықтарына қойылатын нормалық талаптарды ескеру мен спорт алаңдарын, трассалық тренажер залдары арқылы құрылыс салу туралы білімдер мен жоспарлау негіздерін меңгеру.