Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЖЗ) оқу үрдісімен бірге профессор-оқытушылар құрамның және студенттің қызметінің маңызды іс болып табылады.

Факультетте ғылыми-зерттеу жұмысын орындау үшін өсімдіктер биотехнологиясы, жануарлар биотехнологиясы, академик К.У. Медеубеков атындағы зоотехнология және селекция, жануарларды азықтандыру мен жем зооанализі, академик Е.Ш. Шаханов атындағы селекция және тұқым шаруашылығы, дендрология және орман шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдері технологиясы және т.б зертханалар жабдықталған.

Алғашқы үш зертхана сараптама және сертификаттау ұлттық орталығында сертификатталған және ақылы түрде ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысы бойынша хаттамалар береді.

Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Онда мынадай жұмыстар атқарылады:

- иммуноферменттік сараптама арқылы өсімдіктердің вирустық ауруларын анықтау;

- өсімдіктердің микроклондық көбеюі;

- өсімдіктердің вируссіз көшеттерін алу;

- отырғызу материалдарын жылдам көбейту;

- өсiмдiк сорттарының ДНК-сын анықтау.

Жануарлар биотехнология зертханасы дәлдіктегі микроскоппен, жануарларды қолдан ұрықтандыру мен ұрықты көшіріп отырғызуға арналған құрал-жабдықтар және реагенттермен жабдықталған. Сонымен қатар ДНК технологиясы үшін кешенді жабдықтар мен реагенттер.

Онда мынадай жұмыстар атқарылады:

- жынысы анықталған шәуетпен қолдан ұрықтандыру;

- ұрықты көшіріп отырғызу;

- биологиялық материалдан ДНК-ны бөліп алу;

- жануарлардың көздеген гендерінің көп түрлерін анықтау;

- ДНК маркерін анықтау.

Академик К.У.Медеубеков атындағы зоотехнология және селекция зертханасы Лактан 1-4 исп. 230 сүт талдағышы, Лактан 1-4 исп. 700 сүт талдау автоматтандырылған кешені және Mindray BC 3200 (Қытай) гематологиялық қан талдағышымен, Biochem (США) биохимиялық 0ан талда5ышпен жабдықталған.

Онда мынадай жұмыстар атқарылады:

- сүт сапасын анықтау;

- қанның биохимиялық сараптамасы;

- қанның гематологиялық сараптамасы.

2011-2014 жылдары АТФ ғалымдары бағдарламалық-мақсатта қаржыландырылған 8 жобаны жүзеге асырды. Жоба жетекшілері ғылым докторлары Т.К. Бексеитов, У.Х. Альмишев, М.Аятхан, ғылым кандидаттары Н.Б. Бурамбаева, Б.А. Мустафаев, К.С. Исаева және К.М. Омарова болды. Зерттеу нәтижелері сарапшылардың оң пікірін алған.

2012-2014 жылы профессор Т.К. Бексеитов жетекшілігімен «Неміс симментал негізінде биотехнология әдісі бойынша ірі қара малдың бейімделген генотиптерін құру» гранттық қаржыландыру бойынша жобаны жүзеге асырды.

2015-2017 жылдары АТФ ғалымдарын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен төрт жоба жүзеге асырылатын болады . Тақырып жетекшілері ғылым докторлары Т.К.Бексеитов, С.Т.Абимульдина, ғылым кандидаттары Б.А.Мустафаев, К.А.Урумбаев.

Сонымен қатар факультет ғалымдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлік қаржыландыру арқылы ғылыми-зерттеу жобаларын және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен келісім-шарт арқылы зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда.

ATФ магистранттары мен студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.

Қазақстан және Павлодар облысының жетекші кәсіпорындарында студенттердің, диплом алды, өндірістік және тәжірибелік практика негізінде 92% эксперементтік диплом жұмысы орындалды. Сонымен қатар, олар мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға қатысады.