Кафедраның құрылу тарихы

«Психология және педагогика» кафедрасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің құрамына кіреді, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Кудышева Айнаш Амангельдыевна кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

Кафедра бакалавриат мамандықтары бойынша үш мамандық (5B050300 «Психология», 5B090500 «Әлеуметтік жұмыс», 5B010300 «Педагогика және психология»), магистратура бойынша үш мамандық (6M050300 «Психология», 6М090500 «Әлеуметтік жұмыс», 6М010300 «Педагогика және психология») және докторантура бойынша бір 6D010300 Педагогика және психология мамандықтарын даярлаумен айналысады.

Қазіргі уақытта кафедрада 24 оқытушы, оның ішінде 3 педагогика ғылымдарының докторы, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 PhD докторы, 3 психология магистрі, 6 педагогика және психология магистрі жұмыс істейді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан 7 докторант оқиды. 

 

 

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Бурдина Елена Ивановна

Лауазымы: профессор

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Педагогика ғылымдарының докторы

Ғылыми, академиялық атағы: профессор

Бiлiмі:

- Жоғары. С.Крупская атындағы педагогикалық институты, мамандық – «Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі», 1979 ж;

- Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесі, В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институты, мамандық – 13.00.01 Жалпы педагогика, педагогика тарихы;

- Педагогика ғылымдарының докторы дәрежесі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандық – 13.00.08 «Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі».

Оқытатын пәндері: Педагогика, Психология

Жұмыс өтілі: 38 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 200-ден аса ғылыми еңбектер, соның ішінде 12 оқу құралы және 2 электронды оқулық, 1 монография және этнопсихология мен этнопедагогика бойынша орысша-қазақша сөздік

Ғылыми зерттеу саласы: «Көпдеңгейлі білім-беру жүйесінде кәсіби дайындық барысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»

Кәсіби жетістіктері:

2006 жылы - «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталған.

2007 жылы – педагогика облысы бойынша үздік ғылыми зерттеу және жұмыстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы ІІІ сыйлық лауреаты. 2007 жылдан – Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ БД 14.50.05 біріккен диссертациялық докторлық Кеңесінің мүшесі.

2008 жылы –«ЖОО үздік оқытушы» атағы берілді.

2009 жылы Москва қаласының педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым Академиясының академигі және Алматы қаласындағы Қазақстанның Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі болып тағайындалды.

2010 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Алтын медалімен марапатталды.

2012 жылы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы – «Психология және педагогика» кафедрасының құрметті меңгерушісі» атағы берілді

Бурдина Е.И. жетекшілігімен 15 кандидаттық және 5 докторлық (PhD) диссертация қорғалды.

 

Байланыс телефондары: 8 (7182) 673685 (ішкі –1139)

Электрондық почта: kafedrapip@mail.ru

Кафедраның орналасқан жері: Павлодар қ., Ломов к. 64, 149 каб.

Қабылдау сағаттары: 10:00–13:00 с.

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедраның жетістіктері

Тәрбие жұмысы

Оқу-зертханалық база

Ғылыми-зерттеушілік жұмыстар

Оқу-әдістемелік жұмыс

Үздік түлектер

Кафедра студенттерінің қоғамық және ғылыми-зерттеу жұмыстары

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және инновациялық технологияларды оқыту ҒПО

Аккредитеттеу сертификаты