Бакалавриат, 5В071900 – 2008 ж.бастап Радиотехника, электроника және телеқатынас

Білім беру бағдарламасы

Бітірушілердің академиялық дәрежесі — техника және технологиялар бакалавры.

Осы мамандандыруды оқытудың мақсаты бакалаврларды байланыс түрлерінің технологиясы саласы негізінде телеқатынас жүйелерін, байланыстың әртүрлілігін, дабылды өңдеу, ақпаратты қабылдау мен жеткізудің теориясын, жобалауды, телеқатынас пен компьютерлік жүйелердің беріктігін және басқаруды, телеқатынас салаларының ұйымдарын, ақпараттық қауіпсіздікті, менеджмент пен маркетингті, байланыс түрлерінің технологиясы саласы негізінде телеқатынас жүйелерін өңдеуге, пайдаланып, зерттеуге қабілетті болуына үйретеді.

 

Бакалавриат, 5В070200 — Автоматтандыру және басқару

Білім беру бағдарламасы

Бітірушілердің академиялық дәрежесі — техника және технологиялар бакалавры.

Студенттер осы мамандықта оқу барысында автоматтандыру саласындағы қабілеттілік пен әдіс-тәсілдерді, құралдарды қолдануға және дағдылануға, өндірістің барлық салаларын басқарудағы ақпарат өңдеулерінің амалдары мен тәсілдерін қолданумен байланысты техникалық жүйелердегі қоғамдық қызмет салаларына есептеуіш техниканы енгізу мен басқаруда терең білім алады.

Мамандандыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

• Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру;

• Технологиялық үрдістер мен өндірістерді автоматтандыру.

Бітірушілердің мамандық бойынша кәсіби қызмет нысандары мыналар:

• Әртүрлі өндірістегі технологиялық үрдістермен басқарудың автоматтандыру жүйесі;

• Әртүрлі тағайындаудағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі;

• Әртүрлі тағайындаудағы қабылдау, өңдеу және тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесі;

• Жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі;

• Әртүрлі өндірістердегі өндірістің технологиялық дайындығын автоматтандыру жүйесі;

• Өндірістің әртүрлі салаларындағы құрылғылардың, тораптың бөлшектерін, өнімдерін кешенді сынақтан өткізудің автоматтандырылған жүйесі.

 

Магистратура, 6М070200 — Автоматтандыру және басқару

Магистратураны бітірушіге мамандық бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандық бойынша бітірушілерді оқу-кәсіби дайындаудың негізгі міндеттері:

кәсіби даярлауда: автоматика, информатика және басқару саласында кәсіби біліктілікті, толық және сапалы білімді алады;

ғылыми және педагогикалық даярлауда: ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет саласында кәсіби біліктілікті, толық және сапалы білімді алады; гуманитарлық мәдениетті, этикалық және құқықтық нормаларды меңгертеді, адамның адамдарға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын, ғылыми негізде ойлау мәдениеті мен өз еңбегін жасап, жаңа білімді ойлап табуға үйренеді.