КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне қарасты Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 2004 жылдан «Орындаушылық өнер» кафедрасы жұмыс істейді. Кафедра екі мамандық бойынша мамандарды дайындайды. 5В010600 «Музыкалық білім» және 5В040200 «Аспаптық орындау» мамандықтары. Кафедраның оқытушылар құрамы 12, оның ішінде 2 қосалқы қызмет атқарушылар. Штаттың құрамында 2 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 1 – «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі», 4 «ҚР Мәдениет қайраткері» бар.

  

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

Т.А.Ә.: Попандопуло Михаил Павлович

Лауазымы: кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: өнертану кандидаты, PhD докторы

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: 1996ж – Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы, хор дирижеры, оқытушы. 1999-2000 – ізденуші стажер, 2001-2004 ж.ж. – КазҰӨА аспиранты (Астана қ.)

2016-жылы өнертану ғылымының кандидиты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Диссертация тақырыбы: « ХХ ғасырдың ортасындағы жеке тұлғаның шығармашылық өзіндік қалыптасуындағы көркем эстетикаклық ортаны Павлодар Ертіс өңірінің мысалы ретінде қарастыру» (Алтай мемалекеттік университеті, 17.00.04 – Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері және архитектура(өнертану).

Оқытатын пәндері: әдістеме, сольфеджио, хор практикумы, хорды дирижерлау, негізгі музыкалық аспап, қосымша музыкалық аспап.

Жұмыс өтілі: 23 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: «Импакт факт» қосалқы 4 мақаласы, «Дауысты қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралы, авторлық аранжировкалар мен хорға арналған транскрипциялардан құралған 50-ден астам халықаралық, республикалық, өлкелік конференцияларда жарияланған әртүрлі хор құрамына арналған хор шығармаларының жинағы, 2 монография, (2017, Павлодар), оның біреуі шетелдік (2017, Барнаул), іштей-сырттай оқитын студенттерінің дипломдық жұмыстарының ғылыми жетекшісі.

Ғылыми зерттеу саласы: Павлодар-Ертіс аймағының көркемдік-эстетикалық ортасы, хор шеберлігі, хорды дирижерлау, хор класы, музыканы редакторлау жұмысы, компьютерлік музыка.

Кәсіби жетістіктері: Павлодар облыстық Әкімінің мақтау қағазы, Павлодар қалалық Әкімінің мақтау қағазы, Павлодар облыстық мәдениет, архив және құжат Басқармасының мақтау қағазы, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректордың алғыс хаты.

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбиелік жұмыс

Кафедраның жетістіктері

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Сертификаттар

Аккредитеттеу сертификаты