Гуманитарлық–педагогикалық факультетінің даму тарихы факультеттің кафедраларындағы ғылыми және ғылыми–әдістемелік жұмыстарының қалыптасуымен байланысты.

Педагогикалық институт кезеңінен бастап бүгінгі күнге шейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрамында келесі бағыттар бойынша бакалаврларды қазақ және орыс тілдерінде дайындайды:

  • 5В010300 Педагогика және психология;
  • 5В090500 Әлеуметтік жұмыс;
  • 5В050300 Психология;
  • 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 5В020500 Филология: қазақ тілі;
  • 5В050400 Журналистика;
  • 5В020500 Филология: орыс тілі;
  • 5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті;
  • 5В010600 Музыкалық білім;
  • 5В040200 Орындаушылық өнер;
  • 5B021000 Филология: шет тілі филологиясы;
  • 5В011900 Шет тілі: екі шет тілі;
  • 5В020700 Аударма ісі;
  • 5В011400 «Тарих»;
  • 5В020300 «Тарих»;
  • 5В020800 «Археология және этнология»;
  • 5В020400 «Мәдениеттану»;
  • «Дене тәрбиесі және спорт».

Магистратура мамандықтары:

  • 6M010300 Педагогика және психология;
  • 6M090500 Әлеуметтік жұмыс;
  • 6М050300 Психология;
  • 6M011700 Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 6М020500 Филология (қазақ тілі);
  • 6М091000 Кітапхана ісі;
  • 6М050400 Журналистика;
  • 6М020500 Филология (орыс тілі);
  • 6М020100 «Философия»;
  • 6М020300 «Тарих»;
  • 6М020400 «Мәдениеттану»;
  • 6М020800 «Археология және этнология»;
  • 6М050100 «Әлеуметтану».

Сонымен қатар факультетте:

6D010300 Педагогика және психология

6D020500 Филология 

бағыты бойынша докторанттар дайындалады.

 

Факультет 2004 жылы сәуірде университетті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған. 2014 жылдың 29 тамыздағы №6/1-7/463 бұйрығына сәйкес тарих және құқық факультеті таратылып, факультетіміз қайта құрылған болатын. 

Факультетте 10 кафедра мен 3 ғылыми-практикалық орталық жұмыс істейді.

- Философия және әлеуметтік–гуманитарлық пәндер - меңгерушісі  ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Ж. Кожамжарова 

- Қазақстан тарихы - меңгерушісі т.ғ.к., доцент Е.М. Торайғыров

- Шетел филология және аударма ісі кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г.Х.Демесінова

- Шет тілдер кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Ж.Б.Жұмабекова

- Орыс филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г.К. Шаикова

- Қазақ филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіп

- Орындаушылық өнер кафедрасы — меңгерушісі өнертану кандидаты, PhD-6D041600-өнертану докторы М.П. Попандопуло

- Психология және педагогика кафедрасы — меңгерушісі қ.а. п.ғ.д., профессор Е.И. Бурдина

- Қазақ тілі және журналистика кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А.Ф.Зейнуллина

- Дене тәрбиесі және спорт — меңгерушісі қ.а. с.ғ.к., доцент А.И. Бегимтаев

 

Факультет басшылығы

Бегімтаев Әмірғалы Ілияшұлы — Философия және әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты.

1984 жылы Павлодар индустриалды институтын «Өндірістік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1984 жылдан 1990 жылдары «Павлодарэнерго» жүйесінде және Павлодар мемлекеттік сынақ станцияларында қызмет атқарған. 1990-2003 жылдар аралығында ҚР ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.

2004 жылдан С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан деканның жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

2010 ж. саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады.

2013 ж. бастап «Тарих және құқықтану» факультетінің деканы. 2014 ж. бастап гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы.

Осы жыл аралығында 28 оқу-әдістемелік құрал және 110 нан астам мақалалар шығарған.

 

Кәріпжанова Айнұр Оралқызыоқу жұмысы бойынша деканның орынбасары, қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы (1995)

Оқытатын пәндері: Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Тілдік қатынас негіздері, Әдебиеттану ғылымына кіріспе

Еңбек өтілі: 19 жыл

Ғылыми, еңбектер тізімі: 45-тен аса ғылыми еңбек, оның ішінде:

1. Мәшһүртану. Оқу құралы, 2011

2. Кәсіби қазақ тілі. Оқу-әдістемелік құрал, 2014

3. Фразеологиялық коннотацияның прагма-когнитивтік аспектісі. Монография, 2014

4. Тіл білімінің өзекті мәселелері. Оқу-әдістемелік құрал, 2014

5. Мәшһүр тағылымы. 2010ж.

6. «Іскерлік қазақ тілі» оқұ-әдістемелік құрал. 2018ж.

7. «Қазіргі қазақ тілі» оқұ-әдістемелік құрал. 2018ж.

Ғылыми зерттеу саласы: тілтану

Кәсіби жетістіктері: «С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың үздік аға оқытушысы» (2009). «Әдебиеттану терминдерінің сөздігін», «Мәшһүр тағылымы І», «Мәшһүр тағылымы ІІ», «Мәшһүр тағылымы ІІІ» ғылыми жинақтарын шығаруға қатысты. «Мәшһүртану», «Үзіліссіз педпрактика», «Кәсіби қазақ тілі», «Тіл білімінің өзекті мәселелері» атты оқу-әдістемелік құралдарының авторы. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2016 ж.)

 

Жумабекова Баян Болатқызы - тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, Орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы

Ғылыми, академиялық дәреже: гуманитарлық білім магистры

Бiлiмі: жоғары, С. Торайғыров атындағы ПМУ, «Мемлекеттік тілде оқитын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы, (2003), магистратура С. Торайғыров атындағы ПМУ, гуманитарлық білім магистры (2012)

Оқыту пәндері:Орыс тілі, Кәсіби орыс тілі

Еңбек өтілі: 13 жыл

Ғылыми еңбек тiзiмі: 25

1. Русский язык. Методические указания к практическим занятиям для студентов неязыковых специальностей. Кереку: Павлодар, 2008г.

2. Шахметова Н.А., Жумабекова Б.Б. Учебно-методическое пособие «Орыс тілі теориясының негіздері» для студентов специальности «Аударма ісі». - Павлодар, 2013. - 100 б.

3. Мәшһүр - Жүсіп және Байрон поэзиясындағы үндестік / «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – 2 том. – Павлодар, 2013. – 301 б. – 14-15 б.

4. Отражение национального колорита в художественном переводе / Материалы Международной научно-практической конференции «Феномен Машхур Жусипа – человека Мира». – 2 том. – Павлодар, 2013. – 301 с. – С. 13-14.

5. «Русский язык» электронное пособие для студентов финансово-экономического факультета дистанционного обучения. Электронный учебник. Павлодар, 2012.

6. Русский язык: учебник для 6-го класса школ с казахским языком обучения (рекомендовано МОН РК). Астана: Арман-ПВ, 2015. -240с.

7. Русский язык: Сборник диктантов: учебно-методическое пособие для учителей общеобразовательных школ с казахским языком обучения (рекомендовано МОН РК). Астана: Арман-ПВ, 2015. -84с.

8. Русский язык: Книга для учителя: методическое пособие для учителя 6 класса общеобразовательной школы с казахским языком обучения (рекомендовано МОН РК). Астана: Арман-ПВ, 2015. – 56с.

9. Русский язык в вузе: проблемы преподавания / Материалы Международной научной конференции молодых ученых, магистрантов, студентов и школьников «ХVII Сатпаевские чтения». – Том 16. – Павлодар, 2017г.

Ғылыми зерттеу саласы: лингвистика

Кәсiби жетiстiктері (марапаттар, дипломдар, сертификаттар): Ректордың алғыс хаты (2018), сертификаттар (18).

 

Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы -  факультет деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, «Психология және педагогика» кафедрасының оқытушысы (ассистент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі

Ғылыми, академиялық атағы: -

Білімі: - жоғары, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Педагогика және психология» мамандығы 2016 ж.;
- академиялық дәрежесі магистр, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, «Педагогика және психология» мамандығы 2018 ж.

Оқытатын пәндері: Психологияны оқыту әдістемесі, Психологиялық кеңес берудің негіздері, Конфликтология, Психологиялық менеджмент, Психологиялық-педагогикалық коррекция және реабилитация, Педагогикалық шеберлік, Инклюзивті білім беру, Педагогиканы оқыту әдістемесі, Педагогика, Халыққа қызмет және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, Психология және педагогика бойынша практикумы, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Әлеуметтік педагогика.

Ғылыми еңбектер тізімі: 40 ғылыми басылым және 1 оқу құралы, 1 монография, 1 оқу-әдістемелік құрал, 1 әдістемелік құрал

Ғылыми зерттеу саласы: Студенттердің әлеуметтік интеллектісін зерттеу

Кәсіби жетістіктері:

- Павлодар облысы білім беру басқармасының құрмет грамотасы, 2018 ж.

- 2015 ж. – «Білім беру мекемелері педагогының жұмысындағы психологиялық тренинг негіздері» атты оқу курсы (Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ)

- 2015 ж. – «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты оқу курсы (Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ)

- 2015 ж. - «Специфика подготовки детей с задержкой психоречевого развития и расстройствами аутистического спектра к инклюзии в общеобразовательное пространство» оқу курсы («Родники» ТБМ, Астана қ.)

- 2017 ж. – «Мектептегі/колледждегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы»» оқу курсы (РПДҒПО)

Бакалавриаттың оқыту бағдарламасының аккредиттелген тізілімі:

1. 5В010300 Педагогика және психология;

2. 5В011700 Қазақ тілі және әдебиет;

3. 5В011900 Шетел тілі: екі шет тілі;

4. 5В020500 Филология (қазақ, орыс);

5. 5В020700 Аударма ісі;

6. 5В021000 Шетел филологиясы;

7. 5В050300 Психология;

8. 5В050400 Журналистика;

9. 5В011400 «История»;

10. 5В020300 «История»;

11. 5В010600 Музыкалық білім;

12. 5В040200 Аспапта орындаушылық;

13. 5В010800 Дене шынықтыру және спорт.

Магистратураның оқыту бағдарламасы аккредиттелген тізілімі:

1. 6М010300 Педагогика және психология;

2. 6М011700 Қазақ тілі және әдебиет;

3. 6М020500 Филология (қазақ, орыс);

4. 6М050300 Психология;

5. 6М050400 Журналистика;

6. 6М020100 «Философия»;

7. 6М020300 «Тарих»;

8. 6М020400 «Мәдениеттану»;

9. 6М020800 «Археология және этнология»;

10. 6М050100 «Әлеуметтану»;

11. 6М050200 «Саясаттану».

 

Факультет орналасуы:

Павлодар қ, Ломов көшесі, 323 кабинет, тел. 8(7182)67-36-85, ішкі 11-57

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы

Факультет студенттерін ғылыми жұмыстарға тарту

Материалдық базасы

Біздің жетістіктер