Торайғыров университеті Экономика кафедрасының магистранттары Turan University-де өткен Case4success 2023 халықаралық кейс-чемпионатының жеңімпаздары атанды.

ToU атынан құрамында Александр Патрушев, Станислав Канавец, Наталья Лупий және Жанель Альмагамбетова бар Aspire Team командасы қатысты. Команда Efes Kazakhstan компаниясының кейсін шешті.

- Біздің алдымызға жаңа энергетика әзірлеу және нарыққа мүлдем жаңа өнім шығару міндеті қойылды. Біз өнімді ораудың 4 балама тұжырымдамасын, сондай-ақ гуарана сығындысы бар жаңа құрамды әзірледік, - деп атап өтті команда капитаны Александр Патрушев.

Балалар Laba Халықаралық бизнес мектебінде оқуға мүмкіндік алды.
Олардың ғылыми жетекшісі Экономика кафедрасының профессоры Людмила Давиденко болды.