Торайғыров университетінің студенттері Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі орын алып келді. 

«Туризм» бағыты бойынша ToU студенттері 2-орын алды. Сондай-ақ, күміс «Computer Science» факультетінің  есебінде. Олимпиадада жеке есепте ИС-102 тобының студенті Каир Арслан ерекше көзге түсті. Республикалық сайыста 3-орынды университеттің мәдениеттанушылар, қазақ тілін меңгерушілер және маркетологтар тобы иеленді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!