Торайғыров университетінің студенті
Роман Ткачук  мұздан мормышкаға балық аулау бойынша 21 Қазақстан чемпионатында жеке есепте бірінші болды.

Ал командалық есепте Павлодар облысынан қола жүлдеге ие болды, бұл Романға 2024 жылы Моңғолияда өтетін мұздан мормышкаға балық аулау бойынша әлем чемпионатына қатысу үшін ҚР Ұлттық құрамасына билет ұтып алуға мүмкіндік берді! 

Жыл сайынғы мормышкаға балық аулау чемпионаты Қостанай қаласында өтті Павлодар өңірінен 9 адам қатысты – бұл екі команда және жеке есепте өнер көрсететін балықшы.

- Команда үш адамнан тұрады, яғни үш сағат ішінде үш сектор. Жарыс үш сағаттан тұратын екі турда өтеді, онда жеңімпаз анықталады. Әркімнің өз позициясы, жалаушалары бар, тек сәттіліктің көмегімен ғана ештеңені жеңе алмайсыз. Өз командама, жаттықтырушыларыма үлкен рахмет айтқым келеді, тек командалық жұмыс әр спортшыны кез-келген спорт түрінде жеңіске жеткізеді! - деді Роман Ткачук