Торайғыров университетінде "Бейсызық жүйелердегі хаос және құрылымдар. Теория және эксперимент" конференциясы өтті.  

Ғылыми конференцияға қатысу үшін тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Украина және АҚШ - тың шетелдік жоғары оқу орындарынан да 130-ға жуық баяндама келіп түсті. ToU-дағы кездесудің құрметті қонағы физика-математика ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Зейнолла Жаңабаев болды. Ол ZhF-фрактал және оның аналитикалық формуласы туралы "Наноэлектроникадағы, телекоммуникациядағы, астрофизикадағы сызықты емес фракталдық шаралар және ақпараттық энтропия" баяндамасында айтты. 18 маусымда профессор өзінің 80 жылдығын атап өтеді. Мерейтой құрметіне Зейнолла Жаңабаевқа Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы алтын медаль табысталды. 

Диалог алаңына басқа да көрнекті ғалымдар қатысты. Солтүстік Каролина университетінің Физика және астрономия кафедрасының профессоры Анатолий Мирошниченко қос жұлдыздардың эволюция жолдары, оларды іздеу әдістері, сондай-ақ эмиссиялық спектрлері бар қос жүйелерді бақылау нәтижелері туралы айтып берді. Торайғыров университетінің ғалымы техника ғылымдарының кандидаты, Көлік техникасы және логистика кафедрасының профессоры  Төлеуғазы Тоқтағанов "Қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту және жетілдіру - уақыт талабы" тақырыбында баяндама жасады. Конференция спикері физика-математика ғылымдарының кандидаты, Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Сәуле Сақыпова болды. Ол 12-рет өтіп жатқан Халықаралық конференцияның тарихы туралы хабарлады және оның бастамашысы Зейнолла Жаңабаевтың рөлін атап өтті.