ToU қауымдастырылған профессоры Айнаш Кудышева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры болды. Біздің ЖОО ұжымы әріптестеріне мерекелік шығарып салуды ұйымдастырды.

ToU ректоры Еркін Садықов Айнаш Кудышеваны осындай маңызды тағайындалуымен құттықтады. Ол Павлодарлық профессор жас ұрпақпен өз тәжірибесімен әрдайым ықыласпен бөлісіп, Павлодар облысы және жалпы ел үшін мамандар даярлауға қомақты үлес қосқанын атап өтті. Торайғыров университетінің басшысы әріптесіне алғыс хат табыстап, жаңа жұмысына табыс тіледі.

Айнаш Кудышева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті басқармасының құрамына кірді және ЖОО-ның Академиялық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.  ТoU-да қауымдастырылған профессор 15 жыл жұмыс істеді.

Айнаш Кудышева-педагогика ғылымдарының кандидаты. 30-дан астам ғылыми жарияланымдары, оның ішінде ағылшын және қазақ тілдерінде 4 оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар.