Торайғыров университетінің оқытушысы Сергей Талипов «Бағдарламалау және өмір» арнасы арқылы YouTube серіктесі атанды. 

- Мен «ІТ мамандықтарына арналған ДОТ-та GitHub және Google Classroom-ды пайдалану тәжірибесі» атты алғашқы видеомды YouTube-ке жүктедім. Мақсатым пандемия кезінде оқытушыларға көмек көрсету еді. Ауыр кезеңде білім беруге ат салысқаным үшін ҚР ЖОО қауымдастығының Алғыс хатына ие болдым. Кейін видеоларымның қаралымдары көбейе бастады. Осылайша, «монетизацияға» көштім. Оны алу үшін 4000 сағаттан астам қаралым керек. Өз білімім мен тәжірибемді коммерцияландырғаныма қуаныштымын. Еңбек бағалануы керек, - дейді Сергей Талипов. 

Қазіргі уақытта арнада 20 плейлист пен 200 видео бар. Арна авторы жұмысын тоқтатпай, әрі қарай даму үшін еңбектенбек.