Жақында Торайғыров университетінде " PRESEDENT CUP II "республикалық пікірсайыс турнирі өтті. 

Парламенттік пікірсайыстың Британдық форматында және Линкольн-Дуглас форматында Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Атырау және Ақтөбеден келген балалар қатысты. 

"Шалқар" командасы-Фархат Қазалы, Дәулет Оразбаев жеңімпаз атанды.
Үздік спикер-Нұрсыйпат Жолдасова 

Финалистер: Қуаныш Молдақашев, Әйгерім Қадырханова, "Айғаным" – Әмір Өміржанов, Елдос Мүслім, "Оқытұлы керек" – Нұрсыйпат Жолдасова, Исахан Нұрбақыт.

Жастар алаңында "Нұрхан үшін" командасы – Самал Бердібай, Айнұр Байтанова жеңіске жетті. 
Үздік спикер-Айдана Орынбасқанова 

Финалистер: "Президент ханым мен мырза" – Ажар Сұлтан, Шыңғысхан Жаппархан, "Демеушіміз Нұрхан" – Гүлзат Әбдіхадыр, Айдана Орынбасқанова, "Insan" – Жүніс Балауса,Қалиола Жансерік. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы университет командасы 8 жеңіс әкелді, ал университеттің пікірсайыс клубы осымен үшінші рет республикалық деңгейде шешендік бойынша жарыстар ұйымдастырып, тек студенттерді ғана емес, мектеп оқушыларын да тартады.