Кафедраның құрылу тарихы

2009 ж. «Көліктік техника» және «Қозғалтқыштар мен жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедралардың бірігуі арқылы кафедра «Көліктік техника және логистика» құрылды. Кафедра 45 жыл бойы көліктік машина жасау және трактор жасау саласында дайындаумен айналысуда. Қазіргі уақытта кафедра 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша бакалаврларды және 6М071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» магистрлерді дайындайды. Бұл уақыт ішінде кафедрамен шамамен 4000 инженер-механик дайындалды, олар жер жүзінің көптеген жерінде жұмыс істеуде. Шамамен 50 түлектер кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Кафедра өздерінің түлектері 1960 жылдан бастап машина құрушылар, Трактор зауытының қаңқасын салғандар болғаның құрметпен еске алады, олардың көмегімен алюминий және ферроқорыту зауыттары салынды. Олардың арқасына біздің аймақта машина құру саласына жауап берді.

Көптеген түлектер ірі кәсіпорындардың басшылары болды, бизнесмендер, саясаткерлер, ҚР үкіметінде жауапты қызметтерді атқарады, ТМД мемлекеттерінде істейді. Ол ПТЗ бас директоры 1992-1996ж.а Бабий М. В., СТО «Жигули» бас директоры Шакенов Ж., ОАО «Зауыт Октябрь» Рогачевский М., «Қазақстантрактор» ЖАҚ бас директорының орынбасары Хамитов А., АО»Сүт» бас директоры Кох И., ҚР көлік және коммуникация министрі 1992-1995ж Алигужинов С., ҚР сенаторы Есімханов С., «Радикал» фирмасының президенті Гордиенко И., «Сұлтан» фирмасының бастығы Уайханов Т. және 2011 ж. түлегі Смаилова Д. Астана қ. «Тұлпар» ЖШС техник болып істейді.

Кафедра көптеген жылдар бойы Харьков техникалық универститетімен байланыс орнатып келді, Мәскеу автожолдық университеті, Бауман атындағы МГТУУ; Алтай политехникалық университеті, Мәскеу автомеханикалық институтымен байланыс орнатылған. Достастық ғылыми және әдістемелік консультациялар арқылы жасалды, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілді, конференцияға қатысты. Кафедра қызметкерлері осы оқу орынның аспирантура түлектері. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының, Д. Серикбаева атындағы ШҚМТУ-нің, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, ҚарМТУ-нің туыстас кафедраларымен және Атырау мұнай газ институтымен тығыз байланыс орнатылды.

Маман дайындау бойынша халықаралық достастық шенберінде студенттер шет елге тәжірибиеден және ғылыми іссапарлардан өту үшін жіберілді. Падеборнды университетімен келісіп (Германия) үш студент 2804 мамандығы бойынша маманданудан өтті. Кафедра Павлодар аумағының барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарымен - біздің мамандарымыздың бас тапсырушыларымен тығыз байланысады.

 

Кафедра басшылығы

          Сембаев Нұрболат Сәкенұлы

Лауазымы: кафедра меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы – 2801 «Автомобиль және трактор жасау», 2004 ж.; магистратура, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы, – 6N0713 «Көлік, көліктік техника және технологиялары», 2009 г.

Оқытатын пәндері: Жер көліктік техникасының құрылысы. Интеллектуалды көлік жүйелері. Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы. ҚР көлік жүйелері мен кешендері.

Жұмыс өтілі: 13 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: барлығы – 50 ден астам

1. Сембаев Н.С., Артамонов В.П. и др. Контроль пористости порошковых полимерных покрытий / Журнал Российского общества по неразрушающему контролю и технической диагностике «Контроль. Диагностика» №9, 2012 - с. 70-74.

2. Сембаев Н.С., Артамонов В.П. и др. Портативный металлографический микроскоп для неразрушающего контроля микроструктуры металла / Международный журнал по неразрушающему контролю «Территория NDT» №1, 2013. - с. 66-69.

3. Ахметов Ж.Е., Сембаев Н.С., Ыксан Ж.М. Оценка влияния основных параметров газоимпульсного прессового оборудования на качество изделий / Материали за 10-а международная научна Практична конференция, «Найновите научни постижения», Секция «Технологии», 2014. Том 32 – с.14-25. Технологии. София. «БялГРАД-БГ»

4. Ахметов Ж.Е., Сембаев Н.С., Ыксан Ж.М. Повышение эффективности импульсного воздействия / Materiály Х mezinárodní vědecko - praktická Conference. Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o 2014. С.21-24.

5. Сембаев Н.С. Разработка перспективных технологии получения наноструктурных металлических материалов / "Технические науки: Проблемы и перспективы" II Международная научная конференция. (г. Санкт-Петербург, апрель 2014г.) С. 61 - 64.

Ғылыми зерттеу саласы: Материалдарды өңдеу технологиясы

Кәсіби жетістіктері: 

- «Система автоматизированного расчета и проектирования механического оборудования и конструкций APM WinMachine» бағдарламасын меңгеру бойынша біліктілікті арттыру, 2013 ж.

- «Application of fiber technology and digital data analysis automation» 72 сағат көлемінде, Люблин қ., Польша 14.09.2013 ж. 

- Павлодар мемлекеттік университеті ректорының ҚР тәуелсіздігінің өркендеуіне кәсіби және өзіндік үлес қосқаны үшін құрмет граммотасы, 2016 ж. 

- «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының иегері, «Білім саласындағы басқару» бағыты бойынша Берлин техникалық университетінде талымдамадан өтті, 2016 ж.

 

Тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысы 9 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: жалпы университеттік шаралар, мемлекеттік мерекелер; ұйымдастырушылық шаралар; саналық тәрбие; еңбек тәрбиесі мен кәсіби ориентациялық жұмыс; патриоттық, интернационалды тәрбие; құқықтық тәрбие; денсаулықты өмір түрі, туристтік-спорттық жұмыс; экологиялық тәрбие; жатақханадағы жұмыс.

Әрбір студенттік топқа эдвайзер бекітілген, жүйелі түрде топппен кездеседі, топтағы жағдайды жақсы білуі тиіс, әрбір студенттің мәселесін білуі тиіс. Дәстүрлі түрде кафедрада «Студентке арнау» іс шаралары өткізіледі, театрға қатысады, музейге барады. Кураторлық сағатта жүйелі түрде үлгерім мәселесі қаралады, сабаққа қатысуы, тәртіп мәдениеті, этикалық және еңбек тәрбиесі қаралады.

 

 

 

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Павлодар қ, Ак.Шөкин көш 139, С.Торайғыров атындағы университетінің «Б» корпусында, кабинет 220, тел.: 673623 (1216).

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

 Профессор-оқытушылар құрамы

 Оқу-зертханалық базасы

 Үздік түлектер

Оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедра жетістіктері

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар

Аккредитеттеу сертификаты