«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» кафедрасының профессоры Серік Елікбаев Павлодар облысының мәдениеті, әдебиеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі және бұл бағыттағы еңбегі үшін Павлодар облысы әкімінің грантына ие болды. 

Әкім гранты қолдау шараларының бірі. Айта кетейік, шығармашылық зиялы қауымның келер ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі рөлі ерекше. 

Серік Төлеубайұлы ғылыми мұра мен мәдени құндылықтарды дамытумен ұзақ жылдар бойы айналысып келеді. Романдар трилогиясының авторының айтуынша, бірегей тарихи, мәдени, рухани мұраны сақтау - негізгі мемлекеттік басымдықтардың бірі.