РЭжт-401 тобының студенті Еламан Құдайберген джиу-джитсудан Ақтөбе облысы әкімінің кубогы үшін республикалық турнирдің күміс жүлдегері атанды.

АЖБ 401 тобының студенті Әмір Мұхамедияров қазақ күресінен «Жас барыс»  республикалық турнирінде қола жүлдені жеңіп алды.

Жақында Смирновтарды еске алуға арналған Павлодар облысының (гір спорты/армрестлингтен) Ашық Кубогы өтті. Біздің магистрант Ақылбек Нұрсұлтан, МФ-22н тобы 70 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Ержан Қыстаубаев Қазақстан Республикасының чемпионатында үздік төреші болып танылды және күміс ысқырықпен марапатталды!