Ғылыми дәрежесі
педагогика ғылымдарының магистрі
Білімі
жоғары, 2001 жылдан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы. 1990-1994 жылдары Павлодар педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыған.С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 0307 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратура. Қазақстан – Ресей халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің жанындағы Қазақ тілі және мәдениеті орталығының қазақ тілі курсының оқытушысы.
Жұмыс тәжірибесі
23 жыл
Оқытатын пәндері
Қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс жүргізу
Ғылыми басылымдары
2 әдістемелік нұсқау, 20 ғылыми мақала, соның ішінде: 1 ) Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау 2009; 2) Мемлекеттік тілде іс жүргізу. Әдістемелік нұсқау 2006; 3) Ш.Құдайбердіұлы шығармаларының тілдік әлемі. // С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XV Сәтбаев оқулары» атты халықаралық конференция материалдары, 2014; 4) Шәкәрім мұрасының зерттелуі.// «XV Сәтбаев оқулары» атты халықаралық конференция материалдары,2015; 5) Ғылыми стиль түрлерін дамытудағы Шәкәрім үлесі. «ХVІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференция материалдары, 2016; 6) 2007 жылы «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінен орысша – қазақша түсіндірме сөздіктің авторы, 2007; 7)Барлық мамандық студенттері үшін«Қазақ тілі»атты оқу-әдістемелік нұсқаулығы. 2012.
Ғылыми зерттеу саласы
тілтану, әдебиеттану
Марапаттаулар, грамоталар, сертификаттар
Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті ректорының алғысхаты, ПМУ ректорының алғысхаттары, ИнЕУ ректорының алғысхаты. Сертификаттары: «Қазіргі тіл білімінің теориясы және лингвистикалық бағыттары» секциясында «Әлем, Адам. Тіл» атты Халықаралық ғылыми конференцияның сертификаты, «Әлеуметтік жаңғырту жағдайында заманауи білім беру» атты 18 сағаттық семинардың сертификаты, Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің сертификаты, «Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты 18 сағаттық семинардың сертификаты.