Торайғыров университетінің аумағында заманауы спорт алаңы пайда болды. Енді жастар мен қала тұрғындары заманауи, жайлы және қауіпсіз жағдайда спортпен айналысу мүмкіндігіне ие.

Баскетбол алаңы мен воркаут-кешен 600 шаршы метрлік аумақты алып жатыр. Оның аумағында турниктер, қоссырықтар, кермелер және швед қабырғалары орнатылған.

Жаңа спорттық зоналар бұрынғы автотұрақтың орнында бой көтерді. Көліктер аулаішілік аумаққа қойылатын болды.

Кешеннің ашылу салтанатына Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям мен Қазақстан халық банкінің Павлодар филиалының директоры Ернар Айтжанов қатысты.

Спорт нысандарының қорғаныс қоршаулары мен заманауи жабындысы бар. Дене шынықтырумен шұғылданы кез келген ауа райында қолжетімді болмақ. Жаңа объект Halyk Bank қолдауымен бой көтерді.